Баспасөз хабарламалары

04 мамыр 2021
8

EDPR және Самұрық-Қазына жасыл энергетика саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жел энергиясының көлемі бойынша әлемдік үшінші өндіруші және жаңартылатын энергия көздері секторындағы көшбасшы EDPR компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

EDPR ЖЭК саласындағы серпінді және жоғары технологиялық жобаларды іске асыруда инвестиция салуға ниетті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгінде Қор портфельдік компанияларды декарбонизациялауға және Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директор Ернар Жанәділ және бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы директор, жел энергетикасы жөніндегі бас операциялық директор, Ocean Winds Басқарма Төрағасы Спиридон Мартинис Спеттел күн және жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін әріптестік туралы келісімге өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Бағдарламалық құжаттар шеңберінде Қазақстан электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 10% - ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Анықтама: EDPR компаниясы (нарықтық капиталдандыру €24,1 млрд) жаңартылатын энергия көздері секторында 12,2 ГВт ЖЭК портфелімен әлемдік көшбасшы. Компанияның негізгі акционері - EDP-Energias de Portugal (72%), штаб-пәтері Мадрид қаласында орналасқан. Компанияның қатысу аймақтарында 15 ел бар, соның ішінде Бельгия, Бразилия, Канада, Франция, Греция, Италия, Мексика, Польша, Португалия, Румыния, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Колумбия және Венгрия.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz