Баспасөз хабарламалары

29 наурыз 2021
10

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ: «ЖҮКТЕЛГЕН БАРЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ТОЛЫҚ ОРЫНДАДЫМ ДЕГЕН СЕЗІММЕН ОСЫ ҚЫЗМЕТТЕН КЕТУГЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ»

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына жаңа Басқарма төрағасы - активтерді басқару жөніндегі бұрынғы басқарушы директор Алмасадам Сатқалиевті таныстырды.

Үкімет басшысы Ахметжан Есімовтің ұзақ жылдар бойы ел алдындағы еңбегін атап өтті.

Өз кезегінде, А. Есімов 1990 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Елбасына, 30 жылдан астам уақыттан бері сенім артқаны үшін ерекше алғыс білдірді. 90-шы жылдардан бастап Үкіметте бірге жұмыс істеген еліміздің қазіргі Президентіне үлкен табыстар тіледі.

Сондай-ақ Ахметжан Смағұлұлы Қор ұжымына үш жылдан астам бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, қызметінен жетістік сезімімен кететінін атап өтті.

А.Есімов Қорды басқарған кезде Үкіметке дивидендтер 10 есеге артқанын, бұрын тартылған 554 миллиард теңгенің несиелері Ұлттық қорға мерзімінен бұрын қайтарылғанын, Қордың таза активтерінің құны 39% артқанын, сатып алудың жаңа моделі Қорға 410 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Үлгінің өзі жақында парламент қабылдаған сатып алу туралы жаңа заңға негіз болды.

Ахметжан Есімов Тәуелсіздік жылдары Алматы облысы әкімшілігінің басшысы, үш рет Премьер-Министрдің орынбасары, Қазақстанның Бірінші Мемлекеттік хатшысы, Қазақстанның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды. Бірнеше жыл бойы Бельгия, Нидерланды және Люксембургте Төтенше және Өкілетті елші лауазымында Қазақстанның мүддесін қорғады. Ол ЕО мен НАТО-дағы елдің өкілдігін басқарды. Ауыл шаруашылығы министрі, Алматы қаласының әкімі, «Астана ЭКСПО — 2017» басшысы болып жұмыс істеді.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz