Баспасөз хабарламалары

18 ақпан 2021
47

ЦИФРЛЫҚ ЖАЗ: «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНА ТАҒЫЛЫМГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ АШЫЛДЫ»

«Цифрлық жаз» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды. Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бакалавриатының үшінші-төртінші курстарының және магистратурасының бірінші-екінші курстарының қазақстандық студенттері Қордың портфельдік компанияларында үш айлық жазғы тағылымдамадан өте алады. Өтінімдер 2021 жылдың 31 наурызына дейін Бағдарламаның digital-summer.sk.kz. ресми сайтында қабылданады

«Цифрлық жаз» бағдарламасының төртінші толқынының ерекшеліктері туралы «Самұрық-Қазына» цифрландыру және трансформациялау жөніндегі Басқарушы директоры Дәурен Керейбаев баспасөз брифинг барысында айтып өтті.

Оның айтуынша, биыл ТМД-да баламасы жоқ бірегей бағдарламаға IT саласындағы болашақ мамандар ғана емес, сонымен қатар HR, қаржыгерлер, экономистер және техникалық мамандық өкілдері қатыса алады.

Тағылымдамадан өтушілер Алматы және Астана қалаларындағы «Самұрық-Қазына» тобының: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК»  АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QazCloud» ЖШС және т.б. компанияларында жұмыс тәжірибесін сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаның әрбір қатысушысына жеке тәлімгер бекітіледі. Тағылымдама кезеңінде 50 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия көзделген.

Дәурен Керейбаев: «Цифрлық жаз» жас таланттарға кем дегенде тағылымдамадан өтуге, өз мүмкіндіктерін сынауға, еліміздің ірі компанияларының жобаларын іске асыруға үлес қосуға, оқуға, ең көп дегенде жұмысқа орналасуға көмектеседі».

Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлық жаз» бағдарламасы жас мамандарды Қор компаниялары тобындағы цифрландыру және трансформациялау жобаларына тарту үшін 2018 жылы іске қосылды. Бағдарлама студенттер арасында танымал бола бастады: 2018 жылы қатысуға 500 өтінім берілді, ал 2020 жылы-4,5 есе көп. Өткен үш жыл ішінде бағдарламаның 54 түлегі Қор тобының компанияларынан жұмыс туралы ұсыныстар алды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz