Баспасөз хабарламалары

12 ақпан 2021
42

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ II ФОРУМЫН ӨТКІЗДІ

Нұр-Сұлтан қаласында Samruk Business Forum атты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған отандық кәсіпкерлерді қолдаудың екінші форумы өтті.

Іс-шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер - министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері, «Самұрық – Қазына» Қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов,  және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

2018 жылдан бастап Қор ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасай отырып, Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістер құруды ынталандыратын импортты алмастыру бағдарламасын іске асыруда. Отандық бизнеске Қазақстанда өндірісті реттеу ұсынылды, Қор өз тарапынан оларды орта мерзімді перспективада сатып алуға кепілдік береді.

Қазіргі таңда импортты алмастыру бағдарламасы аясында инвестиция көлемі 218 млрд теңгені құрайтын 42 жоба мақұлданды. Іс жүзінде 27 млрд теңгеге нақты шарттарға қол қойылды, 2000-нан астам жұмыс орны құрылды. Импортты алмастыратын өнім шығаруды жолға қойған кәсіпорындар бюджетке 18 млрд теңгеден астам салық төледі.

Сондай-ақ, Қор төрағасы басқа тетікті – «сатып алуды санаттық басқаруды» енгізудің тиімдігілін атап өтті. Сатып алудың бұл түрі тауарлардың белгілі бір түрлері бойынша компаниялардың жалпы қажеттілігін шоғырландыруға және жеткізушілер пулын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл механизм тек өндірушілерден сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және делдалдардың қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

2018-2020 жылдар аралығында 37 қазақстандық өндірушілермен 246 млрд теңгеге серіктестік туралы стратегиялық келісімдер жасалды. Сатып алуды стратегиялық басқаруды іске асырудан Қор компаниялары тобының экономикалық пайдасы 69 млрд теңгені құрады.

Қазақстандық өндірушілерді қолдауды Қор бір көзден сатып алу үшін негіздерді қайта қарау жолымен бәсекелес ортаны кеңейту арқылы да жүзеге асырады. Қор бір көзден сатып алуды жүзеге асыру үшін негіздерді қайта қарады және оларды 37% - ға қысқартты, холдингішілік сатып алу бойынша позициялар 4500 позициядан 207-ге дейін 22 есеге қысқарды.

Осы сатып алулар бойынша барлық көлем оларға тікелей қол жеткізген бизнеске берілді. Осы кезеңде 23 мың кәсіпкерлік субъектісі 1 трлн теңгеге келісімшарттар алды. Осы келісімшарттар есебінен бюджетке бизнестен түсетін салық түсімдерінің кем дегенде 36 млрд теңгесі түседі. Бәсекелестік ортаны құру есебінен Қор компанияларының өздері 70 млрд теңге үнемдегенін атап өткен жөн.

Сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар кешені Қорға бір көзден сатып алу көлемін 5 есе қысқартуға мүмкіндік берді, бұл ретте бәсекелі сатып алу көлемі 6 есе ұлғайды. Бір көзден сатып алуды 1,7 трлн теңгеге дейін қысқарту есебінен бәсекелестік орта кеңейтілді.

Аталмыш шаралар 280 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Қор тапсырыстары есебінен салық төлемдерінің көлемі шамамен 170 млрд теңгені құрайды. Қабылданған шаралардың тікелей қаржылық нәтижесі Қор компанияларының 410 млрд теңге үнемдеуді алуы болды.

Жоғарыда аталған тетіктермен қатар, пандемия кезеңінде "Атамекен" палатасымен бірлесіп, Қор кәсіпкерлерді нақты қолдау шараларын қабылдады - жобалық құжаттаманы жобалау кезінде қазақстандық өнімді міндетті түрде қолдану, мердігердің қазақстандық материалдарды қолданбағаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілігін белгілеу, кемінде 30% мөлшерінде аванс төлеу және оны төлеу мерзімін 10 күнге дейін қысқарту және т.б.

Коррупциялық тәуекелдерді төмендету, кәсіпкерлер үшін барынша ашық процедураларды қалыптастыру мақсатында Қызметтерді цифрландыру шаралары қабылданды.

Бұған дейін сатып алу ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес сомасы  75 млн теңгеден жоғары сатып алуға қоғам өкілдері бақылаушылар ретінде қатысады. Сонымен бірге тапсырыс берушілер мен өнім берушілер арасындағы келіссөздер барысында фото-видео түсіру бойынша міндетті талап қосымша енгізілген.

Қабылданған шаралар ел экономисы үшін күрделі кезеңде отандық кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік берді. «Қарапайым заттар экономикасы» салалары бойынша көрсеткіштер – оның бір айғағы. Мәселен, 2020 жылы отандық кәсіпкерлерден сатып алу үлесі 83% құрады, бұл көрсеткіш 2019 жылы 45% тең болған. Машина жасау саласы 2 есе артты –  30%-дан 79%-ға дейін.

Қор басшысы ҚР Президентіне тұралап қалған өндірістерде қолдауға бағытталған жаңа жобаны таныстырды. Бұл жобада Қорға қарасты компаниялар тобының қажеттілігі үшін тауарларды сатып алу үшін тікелей шарт жасау қарастырылған.  

Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өндірген тауарын өткізе алмай жүрген кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру ұсынылып отыр. Оның арқасында Қор тобындағы компаниялар қажетті тауарларды сатып алса, кәсіпорындар жұмыс орындар сақтап қалады және өндірістік қуаттылықтарын арттырады.  

Бұл әдіс бойынша 37 кәсіпорынға жасалған алдын-ала талдау қолдау нақты көрсетілген кезде өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі 35-тен 85% дейін артатынын, тұралап қалған  1900 жұмыс орны қалпына келтіріліп, жаңа 780 жұмыс орны құрылатынын көрсетіп отыр. Қосымша салық аударымдарының көлемі 5,5 млрд теңгені құрайды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz