Баспасөз хабарламалары

31 желтоқсан 2020
36

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНДА 2020 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2020 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қызметкерлерінің қатысуымен 1200-ден астам әлеуметтік акция өткізілді. Қорда волонтерлер жылының нәтижелері мен «Үздік волонтер» конкурсының қорытындылары жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, волонтерлікті дамыту мақсатында Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев 2020 жылды волонтер жылы деп жариялаған болатын.

«Үздік волонтер» байқауы аясында «Үздік корпоративтік волонтер», «Үздік волонтерлік команда» және «Үздік волонтерлік жоба» номинацияларының жеңімпаздары анықталды.

Қор компаниялары тобы қызметкерлерінің барлығы 87 волонтерлік бастамасы қаралды. Олардың ішінде 13 жоба финалға өтті.

«Үздік корпоративтік волонтер» номинациясында 1 орынды «ӨзенМұнайСервис» Сейдов Орынбасар иеленді, ол 93 пандус орнатты, 50-ден астам шағын отбасын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етті, пандемия кезінде 2000-нан астам бетперде таратып, медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті және тағы да басқа игі іс-шаралар өткізді.

«Үздік волонтерлік жоба» номинациясында 1 орынды «Өзенмұнайгаз» Әділ Сүйебай иеленді, ол ДЦП және аутизм диагнозы бар 770 балаларды емдеуді ұйымдастырды.

«Үздік еріктілер командасы» номинациясы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлеріне берілді. ТЖ кезінде қызметкерлер гуманитарлық көмекті Атырау қаласындағы балалар үйлері мен ресурстық орталықтарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа, Атырау облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған дағдарыс орталығына және т.б. жеткізді.

Жеңімпаздар бағалы және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

«Біздің игі істеріміздің нәтижелері мен байқаудағы жеңіс өндірістік жастардың қоғамдық бірлестіктермен және мемлекеттік ұйымдармен тең дәрежеде қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық, салауатты өмір салтын насихаттау сияқты салаларда белсенділік таныта алатынын дәлелдеді. Волонтерлер жылы бізді біріктіріп қана қоймай, корпоративтік рухты нығайтты», - еді Шәкімова Алтынгүл-Атырау мұнай құбыры басқармасы ӨҚБ инженері «ҚазТрансОйл» АҚ.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында компаниялар тобының барлық бей-жай қарамайтын қызметкерлерін біріктіретін SK Volunteer Волонтерлер лигасы жұмыс істейді. Қатысушылар саны шамамен 1800 адам. Қор тобындағы волонтерлік төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor - мұқтаждарға қамқорлық көрсету, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asyl mura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу. http://volunteer.sknews.kz/ сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола аласыз.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz