Баспасөз хабарламалары

22 желтоқсан 2020
51

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ТАҒЫ ЕКІ АКТИВІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ АЯСЫНДА САТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ағымдағы жылдың соңына дейін «Востокмашзавод» АҚ жарғылық капиталындағы компаниялар тобының қатысу үлесін және Intergas Finance B. V. жарғылық капиталындағы акциялар пакетін іске асыруды жоспарлап отыр.

Шағын активтерді сату ҚР Үкіметінің 30.12.15 ж. №1141 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Екі мәмілені да тікелей атаулы сату әдісімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Активтердің құны жалпы сомасы 117 млн. теңгеге бағаланады. Жекешелендіру бағдарламасы бойынша сатудан түскен қаражат ҚР Үкіметі қорының жалғыз акционерінің шешімі негізінде бөлінетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Востокмашзавод» АҚ - бұл Қазақстанның тау-кен өндіру және металлургия салаларының негізгі объектілеріне жақын орналасқан Өскемен қаласында 1958 жылы пайдалануға берілген машина жасау кешені. Кешен құю пештерінен бастап дайын өнімді механикалық өңдеуге дейінгі толық машина жасау циклінің барлық технологиялық бөліністерімен жабдықталған. Акционерлік қоғамның негізгі компаниясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиесілі «Қамқор» Жөндеу корпорациясы» ЖШС болып табылады.

Intergas Finance B. V. - Компанияның жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тиесілі «ҚазТрансГаз» АҚ болып табылады. Негізгі қызмет түрі-компанияларды қаржыландыру, облигацияларды шығару арқылы қаражат тарту, банктік қаржыландыру және т.б.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚР Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспары 84% - ға аяқталды: 89 актив сатылды, 11 – і қайта ұйымдастырылды және 42 – сі таратылды. Қазіргі уақытта шығару процесіне «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі және 18 шағын компаниялары қатысады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz