Баспасөз хабарламалары

06 қараша 2020
98

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР АКТИВ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ»

 «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Ақтөбе рельсбелағаштық зауыты» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30% - ын 9,5 млрд теңге сомасына іске асырды. Жекешелендіру бағдарламасы бойынша активтерді сатудан түскен қаражат Қордың жалғыз акционері - ҚР Үкіметінің шешімі негізінде бөлінетін болады.

Тікелей атаулы сату әдісімен «Көлік технологиялары» ЖШС (АРБЗ екінші қатысушысы) АРБЗ жарғылық капиталындағы «Ремлокомотив» АҚ қатысу үлесінің 30% - ын сатып алды.

Шағын активтерді іске асыру ҚР Үкіметінің 30.12.15 ж. №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспары 83% – ға орындалды: іске асырылғаны – 87, қайта ұйымдастырылғаны – 11 және таратылғаны-42. Қазіргі уақытта шығару процесіне «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активтері мен 20 шағын активтері қатысады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz