Баспасөз хабарламалары

21 қазан 2020
160

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА САЛЫНАТЫН ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҮЛЕСІН ҰЛҒАЙТАДЫ», - А.ЕСІМОВ

Бүгін онлайн форматта өткен Қазақстандық инвестициялық форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды. Іс-шараны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен серіктестікте ұйымдастырды.

Форумға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Президентінің Экономикалық даму жөніндегі сыртқы кеңесшісі Сума Чакрабарти, Ұлыбритания Премьер-Министрінің ҚР бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Лондон Сити Лорд-мэрі Уильям Рассел, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің ҚР-дағы Елшісі Майкл Гиффорд, Қордың портфельдік компанияларының басшылары, Ұлыбритания мен Қазақстанның бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Қор басшысы Ахметжан Есімов форумның онлайн-сессиясын аша отырып, пандемияның алғашқы толқыны кезінде алынған тәжірибе негізгі өндірістік көрсеткіштердің елеулі төмендеуіне, кәсіпорындардың тоқтап қалуына немесе өндірістік персоналдың қысқаруына жол бермей, сын - қатерлерге төтеп бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, корпоративтік басқарудың озық әдістерін енгізу, негізгі басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін жетілдіру БҰҰ-да жоғары бағаланады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада БҰҰ «Самұрық-Қазына» қорын тұрақты дамуды, тұрақты даму бастамалары мен ESG принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 20 озық қордың тізіміне қосты.

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» қорының сенімді іскери серіктес ретінде берік беделге ие екендігін атап өтті және Қордың қазақстандық-британдық өзара әрекеттесу әлеуетін іске асыруға мүдделі екенін білдірді.

«Алдағы 5 жылда Қор Қазақстан Республикасындағы жаңа инвестициялардың үлесін таза активтер құнынан 2% -дан 10% -ға дейін, ал халықаралық, тікелей және портфельдік инвестициялардың жалпы үлесін 2028 жылға қарай 20% -ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр», - деді Ахметжан Есімов.

А.Есімов британдық компанияларды келешегі бар салаларға инвестиция салуға шақырды. Өз кезегінде, Баронесса Эмма Николсон форумға бірнеше жыл бойы қатысып келе жатқанын, Қазақстан компаниялары және «Самұрық-Қазына» қорымен ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Британдық бизнес қауымдастықтың өкілдері қормен қарым-қатынастың жақсы динамикасын атап өтіп, ынтымақтастықты нығайтуға өзара ұмтылысты растады және Қазақстандағы инвестициялық ахуалға жоғары баға берді.

«Бүгінгі көріністі қорытындылай келе, сіздер сияқты инвесторлар үшін - Қазақстанда қазірдің өзінде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан: оңайлатылған салық режимі бар, ұлттық заңнама үнемі жетілдіріліп отырады, ал инвестициялық преференциялар пакеті кеңеюде. Экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын инвесторларға салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі», - деп атап өтті Сума Чакрабарти.

Әлемдік COVID 19 дағдарысына қарамастан, Қор қор құнды ұлғайту мүмкіндіктерін іздеуді жалғастыруда және өзгермелі әлем мен инвестициялық ортаға ашық болып қала береді. Тек соңғы бір жылдың ішінде Қор жалпы сомасы 600 миллион АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция қорлары арқылы Қазақстанға инвестицияларды тартуға қолдау көрсетті.

Сөзінің соңында, А.Есімов Қор жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты. Ағымдағы жылдың маусым айында Қор Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының және жаһандық депозитарлық қолхаттарының қосымша 6,27% орналастырды. Лондон қор биржасы арқылы тартылған инвесторлардың үлесі 43% құрады.

Ағымдағы жылдың маусым айында S&Р Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық – Қазына» АҚ - ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ+/В» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». Fitch Ratings агенттігі Қорға «BBB» деңгейінде рейтинг берді, болжам «Тұрақты/»F2».


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz