Баспасөз хабарламалары

24 қыркүйек 2020
44

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БЕЛСЕНДІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАЙТА ОРАЛУДА

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2020 жылдың соңына дейін жекешелендіру бағдарламасының белсенді кезеңіне оралады. «Самұрық-Қазына» қорының халықаралық ынтымақтастық  және логистика жөніндегі Басқарушы директоры Ержан Туткушев бағдарламаны жүзеге асырудағы келесі қадамдары жайлы мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы және қор нарықтарындағы тұрақсыздық себебінен активтерді жекешелендірудің жаңа мерзімдерін анықтады.

Е.Тұтқышевтің айтуынша, соңғы уақытта жағдайдың біршама жақсаруы байқалады - қор нарықтарында белгілі бір тұрақтылық пайда болып, инвестициялық белсенділік өсе бастады. Осыған байланысты Қор 2020 жылдың соңына дейін ірі активтерді бәсекелестік ортаға беруге дайындаудың белсенді кезеңіне оралу туралы шешім қабылдады.

Ол ағымдағы жылы IPO-ға дайындықтан өткен бірқатар компаниялар мерзімдерді ауыстыру туралы жариялағанын атап өтті. Бұл кірісі айтарлықтай төмендеген мұнай-газ секторы мен әуе саласының қазақстандық компанияларына да қатысты болды. Осыған байланысты жақын арада «ҚМГ» ҰК» АҚ мен «Эйр Астана» АҚ IPO-ны әділ бағамен өткізу мүмкін емес.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Эйр Астана» АҚ IPO - ға шығарудың жоспарлы мерзімі 2022 жыл. Е.Түткішевтің айтуынша, «Эйр Астана» АҚ бизнес-жоспарын ескере отырып, акциялардың қосымша эмиссиясын жүргізу көзделіп отыр.

«Қордың портфельдік компанияларының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігі дағдарыс басталған кезде айтарлықтай күшті болды, бұл шығынсыз күресуге мүмкіндік береді, сондықтан қазір акцияларды төмен бағамен сату орынды емес. Жыл соңына дейін Қазақтелекомның 10% акциясын сатуды жүзеге асыру көзделуде», - деді Ержан Тұтқышев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қор акциялардың 51% - ын иеленеді, яғни сатылғаннан кейін компания квазимемлекеттік болуын тоқтатады, алайда мемлекет акционер ретінде стратегиялық бақылауын сақтайды.

2021 жылы стратегиялық инвесторға тікелей сату тәсілімен «Қазпочта» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ жекешелендіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта Қор сату алдындағы дайындық бойынша жұмыс жүргізуде. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергетикалық және көмір саласы үшін маңыздылығын ескере отырып, инвестор тартылғанға дейін акцияларды өткізу параметрлері мен шарттары Үкіметпен келісілетін болады.

Сондай-ақ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ және «Qazaq Air» АҚ 2022 жылы жекешелендіруге жатады. Бұл активтер бойынша тәсіл әлі анықталған жоқ. Е.Тұтқышев басқаларға қарағанда бұл компаниялар қалыптасу кезеңінде, сондықтан оларды іске асыру мерзімі 2022 жылға ауыстырылғанын атап өтті.

2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ IPO-ға шығару жоспарланған. Е.Түткішевтің айтуынша, мұнда бизнес-модельді қайта қарау және компанияның табыстылығын арттыру үшін уақыт қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген және 168 компанияны қамтыған. Қазіргі уақытта жекешелендіру жоспарына қордың 8 ірі активтері мен 22 шағын активтері қатысады. Жоспарды орындаудың ағымдағы жағдайы 82% - ды құрайды. 2016 жылдан бастап Қор 138 актив бойынша жекешелендіруді аяқтады, оның ішінде 85 – і іске асырылды, 11 - і қайта ұйымдастырылды және 42 - сі таратылды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz