Баспасөз хабарламалары

15 қыркүйек 2020
30

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАЛДЫКӨЛ КӨЛІНІҢ МАҢЫНДА ВОЛОНТЕРЛЕР 1 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАДЫ

SK Volunteer волонтерлер лигасы “Замандас" отбасылық аула клубтарының тәрбиеленушілерімен бірге Нұр-сұлтан қаласындағы Талдыкөл көлі мен Жағалау ауданының маңында қоқыс жинады. Белсенділер жалпы ұзындығы 1 км аумақты қоқыстан тазартып, 1 тонна қоқыс жинады.

Эко-квест аясында лига белсенділері ата-аналар мен балаларға қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс өткізді. Іс-шара қорытындысы бойынша "Замандас" клубтарының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар берілді.

"Балалар мен олардың ата - аналарының назарын қоршаған ортаның экологиялық проблемаларына аудару, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігін көрсету, қоқысты одан әрі өңдеу үшін дұрыс сұрыптауға үйрету және командада жұмыс істеудің үлгісін көрсету-біздің міндетіміз”, - деді әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалау менеджері Ажар Әбдиева.

Атап айтқанда, эко-квест жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы квест аясында 18 тонна қоқыс жиналды.

"Біз үшін бұл карантин жеңілдегеннен кейінгі алғашқы бірлесіп өткізілген іс-шара болды. Балалардың мұғалімдермен онлайн режиміндегі кездесулерінен кейін оларды алғаш кездескендерін көру әсерлі болды. Жақсы ұйымдастыру мен логистиканы атап өткім келеді, ал сыйлықтарды тапсыру балалар үшін жағымды тосын сый болды. Фитнес білезіктер олармен салауатты өмір салтын жүргізуге көмекші ретінде қалады", - деді "Замандас 21" қоғамдық қоры директорының орынбасары Ксения Радионова.

Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының барлық қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Сайтта өтініш беру арқылы ҚР кез келген азаматы волонтер бола алады http://volunteer.sknews.kz/.

Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж барлық адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz