Баспасөз хабарламалары

03 сәуір 2020
29

«Дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтау өте маңызды» – А. Есімов

Соңғы екі жылда жинақталған қаржылық беріктік «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ мен компаниялар тобына дағдарыс кезеңінде қалыпты тәртіпте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қор басшысы Ахметжан Есімов дағдарысқа қарсы штабтың онлайн отырысы барысында мәлімдеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор оң қаржылық нәтижелерге қол жеткізді, негізгі өндірістік индикаторлар бойынша жоспарлы көрсеткіштерге ие болды.

«Соңғы 2 жыл ішінде Қор сыртқы қарызын мерзімінен бұрын өтеп 8 миллиард долларға азайтты. Қазіргі ресми валюта бағамын ескере отырып, біз шамамен 1 трлн. теңге мөлшеріндегі валюталық тәуекелді болдырмадық. Бұл шара біздің компанияларға дағдарыс жағдайында штаттық қалыпта және өндірістік процестерді тоқтатпай жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Ұлттық экономиканың негізгі салаларының барлық ірі кәсіпорындары – мұнай - газ, электр энергетикасы, уран және т.б. толыққанды жұмыс істейді», - деді Ахметжан Есімов.

Қор басшысына Қытаймен темір жол контейнерлік тасымалдарының біртіндеп жандануы және Қытайдан Еуропаға және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан тыс елдерге транзиттік пошта жөнелтілімдерінің жақын арада қайта жандануы туралы хабарланды. «Самұрық-Қазына» төрағасы «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі жүктеменің 30% - ға өсуін атап өтті, бұл компания қызметтері көлемінің артқанын көрсетеді.

Портфельдік компаниялардың басшылары А. Есімовке қызметкерлерді коронавирустан қорғау үшін қандай шаралар қолданылғаны туралы баяндады. Осылайша, Қордың әрбір портфельдік компаниясында ТЖ басқару жөніндегі штаб құрылды, іс-қимыл алгоритмі мен әрекет ету жоспарлары бекітілді, кеңселік қызметкерлер көбіне қашықтан жұмыс режиміне көшірілді.

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Қордың стратегиялық маңызға ие энергетикалық, байланыс, логистикалық салаларындағы компаниялары экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың компания қызметіне әсерін барынша азайту мақсатында шоғырлануы тиіс екенін атап өтті.

«Жұмыс орындарын сақтау өте маңызды. Қор Орталық Азияның ең ірі жұмыс берушілерінің бірі ретінде осыны әрдайым маңызды мақсат ретінде ұстанады. Қазір дағдарыс жағдайында бұл міндет ерекше мәнге ие», - деп атап өтті Есімов.

Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысының экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыру аясында "Самұрық-Қазына" қоры дағдарыс кезеңінде қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шешімдер қабылдады. Осылайша, Қор отандық тауар өндірушілердің сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ – ның 9000 тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алушының жалдау төлемдерін 1 маусымға дейін, қандай да бір айыппұл санкцияларын есептемей, төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар 37 мыңнан астам адамды қамтиды. Бұдан басқа, Қор ішкі істер, денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрліктеріне 6 млн.дана жеке қорғану құралдарын сатып алу үшін қаражат аударды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz