Баспасөз хабарламалары

17 наурыз 2020
16

«Самұрық-Қазына» Қоры қазақстандық кәсіпкерлердің сатып алуға қолжетімділігін жеңілдетті

Мемлекет басшысының экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыру аясында «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының бүгінгі отырысында қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, Қор сертификаттардың (СТ-КЗ, индустриялық сертификаттар) болуымен шектелмей, отандық тауар өндірушілердің сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Енді «Самұрық-Қазына» үшін әкімдер бекіткен тауар өндіруші мәртебесін растайтын тізімдер жеткілікті.

Сондай-ақ, Қор стандартында Тапсырыс берушіге, жобалаушыға және мердігерге қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдану бойынша талаптар белгіленді. Олар сондай- ақ тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден және шарттардың орындалуын қамтамасыз етуден босатылады, бұл олардың айналым қаражатын алаңдатпауға мүмкіндік береді .

Сонымен қатар, Қор қала құраушы кәсіпорындармен және шағын қалалармен тапсырыстарды мақсатты орналастыру, өндірістік қуаттарды жүктеу бағытында ынтымақтастық мүмкіндігін және тауарларды жеткізуге аванс беру мүмкіндігін қарастырады.

Ағымдағы жылдың басынан бері 2360 отандық өнім беруші Қор тобының компанияларынан 216 млрд. теңгеге тапсырыс алды. Бұл жұмыс жалғасын табады.

4.jpg


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz