Баспасөз хабарламалары

01 қазан 2019
26

Жекешелендіру бағдарламасы сәтті жалғасып жатыр – «Самұрық-Қазына»

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын сатудан 128,2 млн. АҚШ доллары табыс түсті. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 9,8 млн жаhaндық депозитарлық қолхаттарды сатты. Оның 6,5 млн. халықаралық инвесторлар, 3,3 млн – отандық инвесторлар сатып алды.

Айта кеткен жөн, 26 қыркүйекте Лондон қор биржасы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы биржасында Қордың жетекші компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жаhaндық депозитарлық қолхаттарының қосымша орналастырылуы өтті. Барлығы 3,8 акция немесе 9,8 млн. қолхат орналастырылды, оның әрқайсысы 13 АҚШ долларына бағаланды. Акциялардың құны Қор биржаларындағы қазіргі нарықтық жағдайларға байналысты қалыптасты.

«Халықаралық инвесторлар 6,5 миллион қолхатты сатып алды, бұл қазақстандық құнды қағаздардың жоғары инвесторлық тартымдылығын көрсетеді. «Астана» биражасында орналастырудан 65,3 млн. доллар, Лондон биржасында 62,9 млн. доллар табыс түсті. Жалпы кірісі 128,2 млн. АҚШ доллары елдің Ұлттық қорына жіберіледі»,- деді Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры.

«Блумберг» агенттігі өз кезегінде қолхаттардың орналастырылуын «сәтті» деп бағалады. Бұған ірі халықаралық инвесторлардың үлкен қызығушылығы дәлел. Тек Лондон қор биржасына АҚШ, Канада және басқа елдерден 40 инвестор қатысты.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, А. Сатқалиев жекешелендіру бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» қорының басқа компанияларының IPO/SPO-ға жоғары дайындығын атап өтті.

Атап өткен жөн, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IPO/SPO-ға шығарылуы Елбасының тапсырмасы бойынша  2016 жылы жасалған жекешелендіру бағдарламасы аясында өтті. Осы құжатқа сәйкес, компаниялардың тиімділігі мен артықшылығын арттыру мақсатында «Эйр Астана», « ҚМГ» АҚ, «ҚТЖ» ҰҚ, «Қазахтелеком» АҚ компаниялары халықаралық биржаларға шығады.

2018 жылғы қарашада IPO аясында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ акцияларының 15% - ын орналастыру сәтті өтті. Басқа инвесторлардың қатарында Ұлттық банк БЖЗҚ портфеліне ұлттық компанияның 150 млн доллар сомасына депозитарлық қолхаттарын сатып алды, бұл БЖЗҚ 21 млрд теңге табыс әкелді. Нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» бағалы қағаздары Ұлыбританияның қаржылық бақылау басқармасының ресми тізіміне енгізілді және ЛФБ және AIX (АХҚО) сауда-саттығына жіберілді. Орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz