Баспасөз хабарламалары

25 қыркүйек 2019
27

Самұрық-Қазына мен елорда әкімдігі меморандумға қол қойды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар елордада бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын талқылады.

Меморандумға астананы газбен қамту, электронды сауда, Smart city бағдарламасы, сатып алу, әлеуметтік қызметтер, импорт алмастыруды дамыту, электронды сауда мен пошта желісін дамыту, жастарды қолдау, HR саласын дамыту сияқты 9 бағыт кіреді.

Осылайша, «Ақылды қала» (Smart city) бағдарламасы Нұр-Сұлтан қаласын дамытуға арналған. Аталмыш бағдарлама аясында 2019-2020 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ елорданың 3000 кіре берісіне 6000 бейнебақылау камераларын орнатады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру мәселелері талқыланды. «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржыландырады. Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік аймақтарын қамтасамыз ететін газ құбыры жақын арада қалаға беріледі.

«10 қазанда Сарырқа газ құбырының құрылысы аяқталады. Қала үшін барлық жұмысты дайындау оңай емес екенін білемін. Бұл өте маңызды мәселе, сондықтан қазір тығыз және өзара жұмыс істеу қажет», - деді А. Есімов.

Сонымен қатар, электронды сауда және пошта желісі тақырыбы талқыланды. 2019 жылы франчайзингтің 8 пунктін, сондай-ақ 12 франчайзинг пункті мен 200 автоматтандырылған сәлемдемені жеткізу пунктерін ашу 2020 жылға жоспарланған.

Меморандумның маңызды бөлігі сатып алу, атап айтқанда импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы Нұр-Сұлтан қаласында жаңа нысандарды салуға қатысты жобаларға қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, елорда әкімдігі жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды, оның ішінде МЖС арқылы 1,6 млрд. теңге көлемінде іріктеуді қамтамасыз етеді.

Елордалық кәсіпкерлерге Қор тобын сатып аліға қатысуға көмек көрсету аясында «Самұрық-Қазына» АҚ қала кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемін 2018 жылмен салыстырғанда кем дегенде 10%-ға арттыруды қамтамасыз етеді. 2019 жылы Қордың сатып алулары арқылы елордалық кәсіпкерлер 380 млрд. теңге табыс тапты.

Сонымен қатар, тараптар Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, церебралды сал ауруы бар балаларды оңалту, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржылық қолдау көрсетеді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикалық спорт кешенін және қазақ драма театры сияқты әлеуметтік нысандарын салуға жалпы 58 млрд. теңге бөлінді.

Сөз соңында Қор басшысы елордаға деген мақтаныш сезімі мен қаланың гүлденуіне деген үміт білдірді.



барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz