Баспасөз хабарламалары

23 тамыз 2019
24

«ИИДМБ-ның жаңа өндірістік жобалары сұраныстың жоқтығынан жабылады»,- А. Есімов

2019 жылы Қазақстанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның импортты алмастыру бағдарламасы аясында машина жасау саласындағы 9 жаңа өндіріс құрылады. Инвестиция көлемі 104 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елдің индустиалды-инновациялық дамуы жөніндегі кездесу барысында мәлімдеді.

Ахметжан Есімов «нақты» келісімшарттар механизмі – оффтэйк келісімшарды іске қосудың тиімділігін атап өтті. Жаңа механизм аясында 2018 жылы 2 жоба іске қосылды – жоғарғы вольтты трансформаторлар, қысымның сандық датчиктері. Инвестиция көлемі 18 млрд. теңгені құрап, 220 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Өкінішке орай, ИИДМБ жобаларының бір бөлігі жоспарланған қуаттылыққа қатыспау проблемаларына тап болды. Бұл, негізінен, ұзақ мерзімді тапсырыстардың жоқтығынан кәсіпорындардың «жұмыссыз» қалуымен байланысты. Нәтижесінде біз шетелдік өндірушілердің өнімдерін сатып алуды жалғастырамыз»,- деді Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Айта кеткен жөн, Қор оффтейк келісім шарттар механизмін 2018 жылы енгізді.  Оффтейк келісім шарттары ішкі инвестициялар арқылы елде теңдесі жоқ жаңа өндірістерді құруға ықпал етеді. Осылайша, ел ішіндегі бизнестің инвестициялық белсенділігі жандана түседі, жаңа өндңрңстер, жұмыс орындары құрылады, бюджеттің кірістері артады.

Ағымдағы жылы машина жасау саласында жаңа өндірістер құруға арналған 9 жоба қаралып, мақұлданды. Олардың іске асырылуы 1100-ден астам жұмыс орнын құруға ықпал етеді, инвестициялар 104 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Сонымен қатар, А. Есімов Қор компаниялардың сатып алу механизмін оңтайландыруды жалғастырып жатқанын айтты. Бір көзден сатып алу жүйесін жетілдіру нәтижесінде ол 1,3 есе қысқарды және ашық тендер арқылы 2,6 есе өсті. Бәсекелестік ортаға 444 млрд. теңгеге сатып алулар жүргізілсе, фирмалар аралық сатып алу көлемі 4500-ден 300 позицияға дейін қысқарды, 12000 кәсіпкерлік субъектілері қосымша тапсырыстар алды. Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша сатып алулардағы үнемдеу 121 мдрд. Теңгені құрады. 2019 жылға үнемдеу болжамы – 153 млрд.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорға сатып алуды ұйымдастыру саласындағы жұмысы үшін оң баға берді. Елбасы тендерлердің көлемі ұлғайғандығын, ал шығындар бес есе азайғандығын атап өтті. Қор жүзеге асырып отырған импорт алмастыру бағдарламасы елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты -  өнімнің жаңа түрін игергісі келетін жеке бизнес субъектілерінің бағдарламаларын қолдау. Сонымен қатар, импортты алмастыру бағдарлама шеңберінде бизнесті қолаудың басты құралы  - оффтейк шарттар механизмі, яғни кепілдендірілген тікелей сатып алуды,  оның ішінде ұзақ мерзімге Қор компанияларынан  сатып алу.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz