Баспасөз хабарламалары

24 шілде 2019
29

«Самұрық-Қазына» екібастұз ЖЭС-2 акцияларының 100% иесі болады

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Интер РАО» ААҚ-нан «Екібастұз ЖЭС-2 станциясы» АҚ-ның 50% үлесін сатып алу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қор Екібастұз ЖЭС станциясы акцияларының 100% иесі болады. Жобаның Жол картасына сәйкес мәмілені 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кеткен жөн, Интер РАО» өзінің Екібастұз ЖЭС-2 станциясындағы акцияларын нарықтық шарттарда сатып жатыр, дегенмен мәміленің бағасы келісім аяқталғанға дейін жария етілмейді. Сондай-ақ, бұған дейін Қорда бұл станцияның 50% акциясы болғандықтан, бұл активтерді иемденуі қисынды болып саналады.

Мәміленің жабылуы белгілі шарттардың орындалуына, оның ішінде тараптардың басқару органдарының бұл мәмілені мақұлдауына, несие беруші банктердің ЕЖЭСС-2 станциясының акционерін ауыстыруға келісімін алуына және т.б. органдарға байланысты. 

Сонымен қатар, Интер РАО компаниясы ЕЖЭСС-2  құрамынан шығу туралы шешімі оның негізгі нарығы– Ресейде жұмыс істеуге шоғырлануға деген ниетімен байланысты болғанын хабарлады.  Екібастұз ЖЭС-2 үлесін сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін, «Интер РАО» ААҚ-да  Қазақстан Республикасында активтері болмайды. Жақын арада Ресейде өндіруші қондырғыларды модернизациялау іске қосылады, оған Интер РАО белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр. 


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz