Баспасөз хабарламалары

17 сәуір 2019
45

"Үздік маман" атанған жастарға қосымша ақы тағайындалады

Осы орайда Ұлттық операторға қарасты "Интергаз Орталық Азия" АҚ-да байқау қызметкерлердің апатсыз, өнімділігі жоғары жұмысты және газ тасымалдау жүйесінің жоғары техникалық сенімділігін қамтамасыз етуге қызығушылығын күшейту, жұмысшы мамандығының беделін арттыру мақсатында, екі кезеңде 15 мамандық бойынша өткізілуде.

Байқауға қатысушылар өндірістік мәселелердің теория мен тәжірибе бойынша, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтау саласындағы білімдерімен бақ сынасуда.

Бүгінде байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша бірқатар аталымдардағы жеңімпаздар анықталды.

Компания қызметкерлерінің кәсіби одағының төрағасы Шалқар Маженаков жеңімпаздарды құттықтай келе, "Үздік маман" байқауы кәсіби шеберлікті шыңдауда, негізгі қызметкерлерді анықтауда және жұмыс орындарында өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ендіруде маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті.

"Үздік маман" байқауын өткізу жұмысшы мамандықтарына оқыту және жұмысқа орналастыру үшін жастарды тартуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанда "Жастар жылы" деп жарияланған биыл тіпті өзекті болып отыр. Өйткені мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының болашағы бар екенін дәлелдейді", – дейді Шалқар Маженаков.

"Үздік маман" байқауында жүлделі орынға ие болғандарға жоғары кәсіби шеберлігі үшін үстемеақы белгіленбек.

fafc6f59d5858950.jpg


Дерек-көз: sknews.kz


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz