Баспасөз хабарламалары

01 қараша 2018
38

«Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» бағдарламасына жас мамандардың жаңа легі қабылданатынын жариялады

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қордың компаниялар тобы жас мамандарға арналған «Жас Өркен» бағдарламасына қатысушылардың жаңа легін қабылданау мерзімін жариялады. Өтінімдер бағдарламаның ресми сайтында (http://www.zhasorken.skcu.kz/) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылдана бастайды.  Оған бакалавриаттың немесе магистратураның 2017, 2018 және 2019 жылдардағы түлектер қатыса алады. Бұл туралы бүгін Алматы энергетика және байланыс университетінде өткен бағдарламаның таныстырылуы барысында бағдарлама жетекшісі Гүлнұр Жасекенова мәлімдеді. Ол жыл сайын бағдарламаға деген сұраныстың артқанын және келесі жылы қатысушылар саны 30-ға дейін өсетінін тілге тиек етті.

«Екі жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» бағдарламасын «Самұрық-Қазына» Корпоративті университетімен бірлесе жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында  40 қатысушыға тәжірибе жинауға мүмкіндік берілді. Олардың 20-сы биыл тағылымдама бағдарламасын тәмамдайды. Бұл бағдарламаға деген сұраныс өте жоғары. Мәселен, біз 2017 жылы 594 өтінімді қабылдасақ, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 737-ге дейін артты. 2019 жылы 30 қатысушыны іріктеп алу жоспарланып отыр. Бағдарламаның таныстырылымын еліміздің 11 қаласында және 92 ЖОО-да өткізгелі отырмыз»,- атап өтті Гүлнұр Жасекенова.

Атап өткен жөн, «Жас Өркен» бағдарламасы 2017 жылы бастау алды. Осы жылы бағдарлама аясында жас мамандардың үшінші легі қабылданады.

Іріктеу бірнеше кезеңдік байқаудан тұрады. Одан сүрінбей өткен жастар үшін екі апталық оқыту курсы қарастырылған және оларға бағыт-бағдар беріледі. Бағдарламаның өзі 2019 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Бағдарламаға қатысушыларға ақы төленеді. Олармен 20 айлық еңбек келісім-шарты жасалады. Оның аясында тәлім алушылар екі жылдың ішінде 5 ай сайын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әртүрлі төрт кәсіпорнында тәжірибелерін шыңдайды.

«Жас Өркен» бағдарламасының үздік түлектері «Самұрық-Қазына» АҚ коржындық компанияларының бірінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz