Баспасөз хабарламалары

25 қазан 2018
31

2018 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" АҚ 825,3 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ТАЗА ТАБЫС КӨРДІ

2018 жылдың 9 айында Қордың компаниялар тобы жоспарланған қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады. Бұл туралы  «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен қоржындық компаниялар басшыларының қатысуымен өткен жиында жарияланды. Нәтижесінде, есепті кезеңде Қор 825,3 млрд теңге көлемінде таза табыс көрді, бұл былтырғы жылдың сәйкесінші кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп артық, жоспар бойынша бұл көрсеткіш 533 млрд теңге болуы керек болатын. Қаржылық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруы Қор компанияларындағы өндірістік көрсеткіштердің артуы мен мұнай бағасының қымбаттауына байланысты.

 Есепті кезеңдегі операциялық пайда (NOPLAT) 635,7 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 336 млрд теңгеге немесе 112%-ға көп.

9 айдың ішіндегі электр энергиясының өндірісі 20,2-ден 23,6 млрд кВТ.сағ. дейін, яғни 17%-ға артты. Көмір өндірісінің көлемі 13%-ға артып, 32,6 млн тоннаны құрады. Мұнай мен газ конденсатының өндірісі 17,6 млн тоннаны құрады, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен артық. Табиғи газ өндірісі 2%-ға артып, 5,8 млн тоннаны құрады. Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 8%-ға артты және 9,9 млн тоннаны құрады. Темір жолмен жүк тасымалдау 8%-ға артып, 150-ден 162 млрд тонна-шақырымға жетті.

Биылғы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қордың 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясын мақұлдады, оған сәйкес Қордың негізгі мақсаты және міндеті қоржындық компанияларды тиімді басқару және олардың көрсеткіштерін дүниежүзілік аналогтарының деңгейіне жеткізу.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz