Баспасөз хабарламалары

20 қыркүйек 2018
22

"Eni" Қазақстанға инвестиция құюды жандандыруға дайын

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясының өкілдерін қабылдады. Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады: газ өңдеу зауытын салу, Каспий теңізіндегі Исатай және Абай кен орындарында жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ қайта қалпына келетін қуат көздерін дамыту.

«Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Антонио Велла дәл қазіргі уақыт «Қарашығанақ» жобасын дамытуға қолайлы екендігін атап өтті.

«Бүгінде әлемде мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен қатар оның бағасы қымбаттағаны байқалып отыр. Біз мұны пайдалануымыз қажет. Біздің компания қазақстандық жобаларды инвестициялауды белсендетуді жоспарлап отыр»,- деп атап өтті А. Велла.

Кездесу барысында «Eni» компаниясының өкілдері итальяндық компания Қазақстанмен жасыл энергетиканы дамыту саласында да ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіретінін атап өтті. Бүгінде тараптар Ақтөбе облысында жел электр станциясын салу және Жамбыл облысында «Бурное» күн электр станциясын инвестициялау бойынша келіссөздер жүргізуде.

Сонымен бірге тараптар Қарашығанақ жобасы бойынша 2012 жылдан бері жалғасқан дауды реттеу мәселесіндегі ілгерілеуді атап өтті. Антонио Велла Ахметжан Есімовке аталған мәселе бойынша қабылданған өзгерістерге алғысын білдірді.  Биылғы жылдың қараша айында Жоба бойынша дауды реттеу туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. 


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz