Баспасөз хабарламалары

24 тамыз 2018
42

MICROSOFT «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» МЕН ҚОРДЫҢ ҚОРЖЫНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІ ЖАСТАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Екі күн «Microsoft» компаниясы «Самұрық-Қазына» АҚ және Қордың қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз - 2018» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуші жастарға дәріс оқыды. Бұл туралы бүгін «Power BI арқылы ілгері талдау жасау» курсы барысында «Microsoft» компаниясының деректері талдау құралдары бойынша маманы Санжар Мырзағалым мәлімдеді. Ол ақпараттық технологиялардың маңыздылығын атап өтіп, тағалымдамадан өтуші жастар бәсекеге қабілетті болу үшін озық технологияларды қалай пайдалануға болатынан көрсетті.

«Тағылымдамадан өтушілер бәсекеге қабілетті болуы үшін біз дәрістер барысында соңғы үрдістерді көрсетуге тырысамыз. Деректерді талдау бойынша дәріс жүргізіп, үлкен көлемдегі ақпараттарды талдау үшін «Microsoft» ең озық технологияларын қалай пайналанатынын көрсетеміз. Шын мәнінде, бұл өте өзекті мәселе, себебі тыңдаушылардың дәрістен алған білімдері болашақта міндетті түрде пайдаға жарайды. Мұны университетте оқытпағандықтан, біз оларға нақты білім беруге тырысамыз», - деп атап өтті Санжар Мырзағалым.

Сонымен қатар, «Microsoft» компаниясы маманының айтуы бойынша, ақпараттық технологиялар саласындағы білім тез арада ескіреді және мамандар әрдайым білімін жаңартып отыруы керек. Мысалы, біраз университеттердің өзінде қазір бірнеше жыл бұрын бекітілген бағдарлама бойынша білім беріледі, бұл ақпараттық технологиялар саласында әрдайым қолданылмауы мүмкін. Санжар Мырзағалымның айтуы бойынша, бағдарлама жыл сайын өзгеруі тиіс, себебі жаңа технологиялар нарығы жаңартылып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз - 2018» тағылымдама бағдарламасы басталды. Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тағылымдамадан өтуші жастар IТ саласында  құнды тәжірибе мен білім алады,  SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмыстарын шыңдай алады.

Жоғарғы оқу орындарын 2016 - 2018 жылдары бітірген студенттер «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ресми www.sk.kz сайтына кіріп, өтінім қалдырды. Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ақпараттық технологияларының дамуына үлес қосу бағдарламаның негізгі талабы болып саналады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған жас мамандар келесі компаниялар тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «КОРЭМ» АҚ,  «Qazaq Air» АҚ, «Энергоинформ» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Біріккен химиялық компания» ЖШС.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz