Баспасөз хабарламалары

03 тамыз 2018
34

"Самұрық-Қазына" Қоры жарты жылда операциялық қызмет бойынша жылдық жоспарды 78% орындады

«Самұрық-Қазына» Қорында барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелген. Жалпы, «Самұрық-Қазына» холдингінің негізгі қызметінен түскен кіріс 3,339 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Сонымен қатар, жарты жылда операциялық қызмет бойынша жылдық жоспар 78%-ға орындалып, табыс көлемі 428 млрд теңгеге жетті (2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 43,1%-ға артық). Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең-басқарушы директоры Ернар Жанәділ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды нәтижелері туралы ҚР Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жоғарыда аталған көрсеткіштерге бірнеше фактор арқасында қол жеткізілді: аталған кезеңде мұнай өңдеу көлемі 13%-ға, электр энергиясының өндірісі 28%-ға, теміржол жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты, сонымен қатар, көмірсутектер бағасы көтерілді.

Қор мен оның алдыңғы қатарлы қоржындық компанияларының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағытындағы жұмыс нәтижесін атап өту маңызды: 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор сыртқы қарыз көлемін $900 миллионға азайтты, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның $1,6 млрд халықаралық облигациялары өтелді, «Самұрық-Энерго» АҚ 39 млрд теңгеге жуық қарызын мерзімінен бұрын төледі.

Бұған қоса, Қор «Қазкоммерцбанк» АҚ-да көлемі 117 млрд теңгені құрайтын бұғатталған депозиттегі қаржысын мерзімінен бұрын алды, сондай-ақ кезекті екінші деңгейлі банкпен 220 млрд теңге көлеміндегі депозитті қайтару туралы келісім-шартқа қол қойылды. Босатылған қаражат нарықтағы көрсеткіштерден төмен ставкамен «Самұрық-Қазына» Қорының қоржындық компанияларына қарызға беріледі. Анықтап айтқанда, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – 75 млрд теңге, «Қазақтелеком» АҚ – 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - $200 млн алады. «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең-басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, орташа мерзімде бұл қадам 50 млрд теңге көлемінде оң нәтижесін береді.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал бірінші жартыжылдықта аталған нәтижелерге жаңа Даму стратегиясының аясында Қорда жүзеге асырылған құрылымдық өзгерістердің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Нақтылап айтқанда, Холдингтің еншілес компанияларының саны 359-дан 312-ге дейін қысқартылды. Құны 28,5 млрд теңге болатын 15 актив сатылды. Бұл бағытта «Самұрық-Қазына» қоры тағы 51 активті сатып, 102 стратегиялық маңызы жоқ активтен шығуды жоспарлауда. Аталған жұмыс жекешелендіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Негізгі жобалармен қатар екінші жартыжылдықта «Химпарк Тараз» және Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-газ технопаркі» арнайы экономикалық аймақтарын дамыту бойынша міндеттер анықталды.

Аттап өткен жөн, биылғы жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқару кеңесінің отырысында Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Елбасына Қордың жаңа даму стартегиясын таныстырған болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев стратегиядағы бастамаларды қолдап, Қордың дамуына бағытталған іс-шараларға оң бағасын берді.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz