Баспасөз хабарламалары

01 тамыз 2018
18

Сатып алулар жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жарты жылда 10 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сатып алулар жүйесіндегі жаңа қағидалары қоржындық компаниялардың жыл басынан бері 10,8 млрд. теңге үнемдеуіне негіз болды.

Қазіргі уақытта Қордың сатып алулар қызметінде 72 стратегияны қамтитын «Сатып алуларды санаттық басқару» бағыты іске асырылуда. Әр стратегия сатып алуларды басқарудың ережелері көрсетілген жеке құжат болып табылады. Бұл бағыт бойынша тауарды сатып алуға жұмсалатын шығындар, оны сақтау, тасымалдау, қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ тауарды қайта өңдеу бойынша сұрақтар міндетті түрде қарастырылады.

Жоғарыда аталған 72 стратегияның 60-ы бекітіліп, жүзеге асырылуда, ал қалған 12-сі әзірлену үстінде. «Сатып алуларды санаттық басқару» жүесін толығымен енгізу -  45 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен Холдингте сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету мен әлеуетті өнім берушілердің арасында бәсекелестікті ұлғайту арқылы қаражатты тиімді басқаруға бағытталған жүйелі өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында холдингішілік кооперация аясында ғана сатып алу мүмкін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі 4500-ден 2500-ге дейін қысқарған болатын. Осының арқасынада, шағын және орта бизнес өкілдері үшін сатып алулар тізімдемесі 4 мың позицияға дейін ұлғайды. Бұл шаралар өнім берушілердің арасында бәсекелестікті дамытып, сатып алуларды барынша ашық әрі тиімді өткізуге жағдай жасайды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz