Баспасөз хабарламалары

05 маусым 2018
33

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және Қор қоржынының компанияларында «Цифрлық жаз - 2018» тағылымдама бағдарламасы іске қосылды

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» және Қор қоржынының компанияларында «Цифрлық жаз - 2018» тағылымдама бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы брифинг барысында «Самұрық – Қазына» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің Директоры Дәурен Керейбаев мәлімдеді. Ол бағдарламаның шарттары мен талаптары туралы әңгімелеп берді.

«IT мамандары арасында жазғы практиканың қорытындысы бойынша Қордың компаниялар тобы үшін жігерлі, шығармашылық, сауатты мамандарды таңдау туралы шешім қабылдаймыз. Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі - бүгінгі таңдағы IT-индустриясының барлық негізгі брендтерімен келісіп, олар көптеген IT мамандықтарында оқытуға көмектеседі»,- деп мәлімдеді Дәурен Керейбаев.

Жоғарғы оқу орындарын 2016, 2017 және 2018 жылы бітірген студенттер «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ресми www.sk.kz сайтына кіріп, өтінім қалдыра алады. Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ақпараттық технологияларының дамуына үлес қосу бағдарламаның негізгі талабы болып саналады.

Бағдарламаға өтінім 6 маусымнан 30 маусымға дейін жүзеге асырылады. Тағылымдаманың өзі 1шілдеден бастап 31 тамыз аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында өтеді. Тағылымдамадан өту үшін студенттер Қордың ресми сайтына кіріп, ақпараттық технологияларға байланысты 10 сұрақтан тұратын текстіден өтуі керек. Барлық талаптарға сай жас мамандар Қор қоржынының копания өкілдерімен сұхбаттасу кезеңінен өтеді. Үздік мамандар тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуға шақырылады.

Тағылымдамаға қатысу үшін кәсіби тәжірибенің болуы міндетті емес. Ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды әкімшілендіру, жобалық басқару, бағдарламалау, қосымшалар архитектурасы, ақпараттық қауіпсіздік қағидалары саласында негізгі білім қажет. Бұл тағылымдама төленбейді. Қор тұру және көлік шығындарын өтемейді.

Оқыту бағдарламасын Қор әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірлесе әзірледі.  Тағылымдамадан өтетін жастар құнды тәжірибе жинап, білім алады. Бұл өз кезегінде оларға бәсекелестігі жоғары ІТ саласында артықшылыққа ие болып,  SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмысты шыңдай алады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған жастар келесі компаниялар тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «КОРЭМ» АҚ,  «Qazaq Air» АҚ, «Энергоинформ» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Біріккен химиялық компания» ЖШС.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz