Баспасөз хабарламалары

03 мамыр 2018
17

«Транстелеком» АҚ-ның 26% минус 1 акциясын сату бойынша шартқа қол қойылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және сатып алушы арасында «Транстелеком» АҚ-ның 26% минус 1 акциясын 9 млрд 450 млн теңгеге сату бойынша шартқа қол қойылды. «Транстелеком» АҚ акцияларын екі кезеңнен тұратын ашық конкурс арқылы саудаға шығару ҚР Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен келісілді. Ықтимал сатып алушылар бірінші кезеңде біліктілік бойынша іріктеуден өтті. Одан сәтті өткен үміткерлер екінші кезеңде өздерінің баға ұсыныстарын алға тартты. Бүгінде сатып алу-сату шарты жасалды. Оған сәйкес сатып алушы 90 күнтізбелік күннің ішінде тиісті соманы төлеуі тиіс.

Сатып алу-сату шарты бойынша «Транстелеком» АҚ-ның акцияларын сатып алушы компанияның қызмет бейінін сақтауы қажет. Сонымен бірге қолданыстағы ұжымдық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Атап өткен жөн, «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданатын жекелеген шешімдерге әсер етуге мүмкіндік беретін 25% плюс 1 акция «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қалып отыр.

 «Транстелеком» АҚ – телекоммуникация, ақпараттық технологиялар саласында цифрландыру мен жүйелік интеграция, байланыс, автоматтандыру және энергетика бағытында маманданған Қазақстан Республикасындағы ең ірі байланыс операторларының бірі. Кәсіпорын 1998 жылы «Бас байланыс дистанциясы» ЕМК қайта ұйымдастыру арқылы құрылды. Компания жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін, интернетке қосылу жүйесін және басқа да телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша компанияның табысы 71 млрд. теңгеден асты, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 48% артты. Компанияның таза табысы 23% -ға ұлғайды және 5 млрд 331 млн теңгені құрады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz