Баспасөз хабарламалары

06 наурыз 2018
46

«ҚазИнж Электроникс» компаниясы 1,3 млрд теңгеге сатылды

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазИнж Электроникс» ЖШС 1 300 400 мың теңгеге сатылды.

 Электрондық аукцион www.gosreestr.kz алаңында өтті. Оған қатысушылар үшін кепілдік жарна 72 150 000 теңгені құрады.

 «ҚазИнж Электроникс» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары – радиоэлектроника және байланыс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, арнайы мақсаттағы техниканы шығару және жаңғырту, дербес компьтерлерді, ұйымдастыру техникасына жинақтаушы материалдарды шығару. Сатып алу-сату шартына сәйкес компанияның жаңа қожайыны активті сатып алған уақыттан бастап 24 күнтізбелік ай ішінде оның жұмыс бағытын және жұмыс орындарын сақтауы тиіс.

«Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 215 активті бәсекелестік ортаға шығарады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz