«Біріккен химиялық компания» ЖШС «БХК Инжиниринг» ЖШС жарғылық капиталының 25% қатысу үлесін қайтара сату бойынша бағасы төмендетілген аукцион өткен жоқ. Бұл сауда-саттық барысында 2-ден кем қатысушының болуына байланысты.
Нысанның бастапқы бағасы - 71 878 000 теңге.
«БХК Инжиниринг» ЖШС өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, экология, құрылыс, энергетика саласында инжиниринг, консалтинг және жобалау жұмыстарымен айналысады. Астана қаласында орналасқан.
«БХК Инжиниринг» ЖШС-нің 30 % қатысу үлесі Tecnimont S.p.A. компаниясына, 45% қатысу үлесі Officium Projects Ltd компаниясына тиесілі.
2017 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған алғашқы сауда-саттық та 2-ден кем қатысушының болйына байланысты өтпеген болатын.
Толық ақпарат www.gosreestr.kz электронды алаңында.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті
e-mail: press@sk.kz
Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94
e-mail: press@sk.kz
Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94