Баспасөз хабарламалары

22 мамыр 2017
36

«Самұрық-Қазына» АҚ жекешеледіруге жататын нысандары Біріккен Араб Әмірлігі кәсіпкерлерінің назарына ұсынылды

Астанада өткен қазақстандық-эмираттық бизнес-форум шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің бас менеджері Әсет Құрманбаев Қор активтерін жекешелендіру туралы баяндады.

«Қордың жекешелендіруге жататын нысандарының тізіміне 43 ірі актив енеді. Соның ішінде қорларды өндіретін («Тау-Кен Самұрық» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Майқайыналтын» АҚ), көліктік ( «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Еуро-Азия Эйр» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, Qazaq Air) және өзге компаниялар. Бұған қоса, шетелдегі активтер сатылуда. Бәсекелестік ортаға шығарылатын компаниялардың әрқайсысы ерекше әрі тартымды», - деп атап өтті Әсет Құрманбаев.

«Біз инвесторлардың барлығы үшін ашықтықты қамтамасыз етеміз. Активтерді сатудың икемді стратегиясына сүйенеміз. Бұл үшін сатудың әр алуан әдістері қолданылады: IPO, ашық екі кезеңді конкурс, электрондық конкурс, аукцион. Жекешелендіру барынша жариялы өткізіліп жатыр. Көпсатылы бақылау жүйесі де құрылды», - деп қосты ол.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ 215 активін сатады, бүгінде Қор тобының құрамынан 132 актив шығарылып үлгерген. 6 компанияны үш кезеңмен ІРО-ға шығару көзделген: бірінші кезеңде - Air Astana және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, екіншісінде –  «Самұрық-Энерго» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, үшіншісінде –«Қазпошта» АҚ және «НК «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz