Баспасөз хабарламалары

31 қазан 2017
11

Жекешелендіру тізімдерінде кірістің генеторына айналған ірі компаниялар бар

«Жекешелендіру тізімдерінде кіріс пен пайданың генераторына айналған ірі компаниялар бар. Бұл компанияларды салалық сараптамамен, технологиялармен және жаңа нарықтарға қолжетімділікпен қамтамасыз ете алатын стратегиялық инвестор қажет», - деп атап өтті Forbes.kz берген сұхбатында «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов.

Тізімде қызмет бейіні қордың стратегиясына сәйкес келмейтін компаниялар да бар.

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында бәсекелестік ортаға 877 қазақстандық компания шығарылады. Оның 215-і «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі.

Департамент басшысының сөзіне сүйенсек, жекешелендіру бағдарламасы күшіне енгеннен бері қор 56 активті өткізді. Одан түскен кіріс – 65,5 млрд теңге.

Жекешелендіру бағдарламасы және қор мен оның қоржықндық компанияларында қабылданған оңтайландырудың ішкі бағдарламалары арқасында қордың қатарындағы заңды тұлғалардың саны 2012 жылғы 596-дан бүгінде 364-ке дейін қысқартылды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz