Баспасөз хабарламалары

23 қаңтар 2017
22

«Омега» аспап жасау зауыты» АҚ-ның 98,56 % акциясын сату бойынша аукцион 14 ақпанға ауыстырылды

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ «Омега» аспап жасау зауыты» АҚ-ның 98,56% акциясын сату бойынша голландтық аукционды 2017 жылғы 26 қаңтардан 14 ақпанға ауыстырды. 

Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы - 1 469 475 000 теңге.

Саудаға қатысудың кепілдік жарнасы 68 070 000 теңгені құрайды.

«Омега» аспап жасау зауыты» АҚ темір жол, кемелердегі суды тұщытатын қондырғылар, телекоммуникациялық аппаратуралар, медициналық техникалар, мұнай-газ генераторлары, әскери техникалар қондырғыларын жасайды. Орал қаласында орналасқан.

Компанияның 1,4 % акциясы жеке тұлғаларға тиесілі (еңбек ұжымы).

Бағасы жоғарылатылған электронды аукцион 2016 жылғы 27 желтоқсанда 2-ден кем қатысушының болғанына байланысты өтпеген еді.

Толық ақпарат www.gosreestr.kz электронды алаңында.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz