Баспасөз хабарламалары

11 қыркүйек 2014
14

«Самұрық-Қазына» АҚ 2014 жылдың қыркүйек айында жекешелендірілетін 14 компанияның дайындығын аяқтады

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 2014 жылдың қыркүйегінде жеке секторға шығарылуы жоспарланып отырған 14 компанияның сатылым алды дайындық жұмыстары аяқталды»,- деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс департаменті. 

«2014 жылдың қыркүйек айында Қор 14 компанияны саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған активтер бойынша бағалау шаралары аяқталуда»,- деп хабарлады баспасөз қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Елене Бахмутованың сөзіне сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамындағы тоғыз компанияны, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның екі компаниясын, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бір еншілес ұйымын және «Самұрық-Қазына» Қорының екі компаниясын сатылымға қою жоспарланып отырғандығын атап өтті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның активтері электронды конкурс арқылы жүзеге асырылады. Басты шарттарының бірі жұмыс орындары мен кәсіпорынның бағыт-бағдарын сақтау қажеттілігі болып табылады. Қалған активтер қандай да бір шарттардың қолданылуысыз электронды аукцион әдісі арқылы жүзеге асырылады деп күтіледі. 
 
Бахмутованың айтуынша, «Самұрық-Қазына» активтерді сату процесінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады. Сатылымға шығарылған нысандар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитетінің сайтында шапшаң жаңартылып, Қор әлеуетті инвесторлармен белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Арнайы құрылған бағдарламаның call-орталығы (+7(7172) 55 22 66) жұмыс жасайды.
 
Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жекешелендіру процесінің траспаренттілігін қамтамасыз ету үшін Қор активтері мен нысандарын жүзеге асыру комиссиясы жасақталды. Оның құрамына Парламент депутаттары мен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері мүше болып кірді.
 
Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесе отырып жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын дайынды. Қор құрамындағы 106 актив пен нысанды жекешелендіру жоспарланған. Соның ішінде 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жеке меншік сектордың қолына тапсыру көзделген. Бағдарламаны жүзе асыру ел экономикасындағы мемлекеттің қатысуын азайтып, құрамындағы жеке меншік сектордың үлесін арттыру арқылы оның негізін нығайтуға бағытталған.
 
Дереккөз: ИА  Новости-Казахстан


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz