Баспасөз хабарламалары

12 желтоқсан 2014
24

Жекешелендіру: ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарлату және бағасын арзандату

Жекешелендіру - бұл мемлекет пен бизнес арасындағы өзара тиімді әріптестік. 

ҚР Президентінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет тарапынан квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарды бәсекелестік ортаға беру шараларын қарастыратын жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды.


Жекешелендірілетін нысандардың тізіміне шипажайлар, күзет агенттіктері, фармацевтикалық академиялар, ғылыми-зерттеу және жобалық-ізденіс институттары, футбол клубтары және тағы да басқа ұйымдар кіреді.

Мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілік қайта бөлінетіндіктен бұл оңай жасалатын қадам емес. Дегенмен экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын сақтап қалу үшін бұл қадамның маңызы зор. Оның нәтижесінде жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру барысында қол жеткізетін экономикалық тиімділігіміз елеулі болмақ. Нарыққа коммерциялық бағдарланған, пайдалы кәсіпорындарды шығару ұсынылып отыр.  

Жекешелендіру – бұл мемлекет пен бизнес арасындағы өзара тиімді әріптестік. Мемлекеттік ұйымдар бейінді емес активтерден құтылып, өз қызметтерін негізгі мақсаттар төңірегінде топтастыра алады. Мемлекет, ұлттық холдингтер мен компаниялар еліміздің инфрақұрылымдық жобаларын дамытуға қажетті қосымша қаржыландыру көздеріне ие бола алады.

Өз кезегінде бәсекелестіктің енгізілуі есебінен қарапайым халыққа сапасы анағұрлым жоғары, ал бағасы арзанырақ қызметтер ұсынылатын болады. Сондай-ақ, қызметтердің спектрі де кеңейе түседі.  

Қазіргі таңда сатылған нысандардың қатарында Ақтөбе, Жамбыл және Қостанай облыстарында орналасқан аудандық газеттер, СҚО-дағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараттарына қызмет көрсету жөніндегі Дирекциясы, Даму Қорының және Казагро холдингінің микронесиелік ұйымдары бар. Келесі кезекті «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ірі нысандарын жүзеге асыру жоспарланған (ҚТЖ, ҚМГ және т.б.).

Үкімет тарапынан квазимемлекеттік сектордың субъектілерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты мемлекеттік мүлікті басқару саласында ашықтық пен жүйелілікті қамтамасыз етуге бағытталған және ол басты төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру.
  2. Мемлекеттік активтердің құрылымын қайта жасақтау.
  3. Стратегиялық нысандарды басқару және сақтау.
  4. Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру.

«Халық ІРО» бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру шеңберінде үміткер компаниялардың ІРО-ға шығарылу тізімі бекітілді.

2014 жылы қор нарығына «KEGOC» АҚ-ның акциялары, 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның акциялары, 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ мен «Қазатомпром» АҚ-ның акциялары шығарылады. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның акциялар пакетін еліміздің қор нарығына шығару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қолданылып отырған шаралар барысында мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекетке тиесілі акциялар пактінің (қатысу үлестері) саны бірден қысқартылып, квазимемлекеттік субъектілер арасындағы қызметтің көшірмесін жасау доғарылады, экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі өсіп, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді әрі ашық жүйесі қалыптасады.  


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz