Баспасөз хабарламалары

26 желтоқсан 2014
59

Қаржы келешегі зор жобаларға бағытталатын болады

Бүгінгі жекешелендіру барысында орын алатын қауіп-қатерлер жайында айта отырып, жекешелендіру аясында сатылымға қойылған активтердің бәрі бірден жаңа иелерін табады деу әбестік. 

Ең бастысы - олар саудаға қойылды, олардың өту мерзімін нарық өзі анықтайды. Жалпы, нысандардың басым бөлігі үш жыл ішінде сатылады деп жос­парланған.

– Қазірге дейін біз тікелей сату, аукцион, сондай-ақ басым­дықты сатып алу құқымен тоғыз нысан саттық. Олар – негізінен, жөн­деу және қызмет көрсету, сер­вистік және күзет мекемелері. Олардың барлығын қосқандағы алғашқы құны 1,9 миллиард теңге болатын, ал сатылымнан түскен қаржы 3,5 миллиард теңгеден асты. Меніңше, бұл жаман көрсеткіш емес. Десек те, жыл қорытындысын шығаруға әлі ерте. Қаңтарға қарай сатылған нысандардың саны арта түседі десек, біздің мүліктерімізді сатудан түскен бүгінгі қаржы да соңғы нәтиже емес, ол да өседі, – дейді «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы директоры-Басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов.

- Әрине, біздің Қор аталған активтерді сатудан пайда түсіруді көздейді. Ал сатылған активтерден түс­кен қаржы қандай мақсаттарға жұмсалады? Меніңше, активтерін сатқысы келетін кез келген кәсіп­кер әдетте одан түсетін қаржыны ағымдағы операциялық шыған­дарға емес, өз ісіне күрделі қаржы ретінде салуға ұмтылады. Сон­дықтан, қарапайым тілмен тү­сіндіретін болсақ, жекешелен­діру­дің өзі қарапайым инвес­­ти­циялық жоба. Қордың тобында да осындай ауқымды инвестициялық жобалар қор­жыны бар. Қаржылар жақын 10 жыл ішінде болашағы мол инвес­тициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Бүгінгі күнге олардың жалпы қоржыны 150 миллиард долларды құрайды. Жалпы, Қор нысандарды жүзеге асырудан түскен қаржыны келешегі зор инвестициялық жобаларға жұмсауды көздеп отыр, – дейді Нұрлан Рахметов.

Дереккөз: Айқын


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz