Баспасөз хабарламалары

08 қазан 2015
41

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның ең қымбат үш нысаны

Қазан айында сатылымға қойылған ең қымбат нысанның құны 16,2 млн теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Жекешелендіру бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ тағы бірнеше нысандарды саудаға шығарды. Сіздердің назарларыңызға сатылымы 2015 жылға жоспарланған ең қымбат активтердің үздік үштігін ұсынамыз.

Бұл ТОП-3 тізімінде үшінші орынды өзінің еншілес ұйымы «Манғышлақ-Мұнай» ЖШС-мен «Тегіс Мұнай» ЖШС иеленіп отыр. Нысанның бастапқы құны 14 миллиард теңгені құрайды. Компаниялардағы 100% қатысу үлесі нысандардың ағымдағы жылдың 1 қазанында электронды саудаға шығарылатындығы жөнінде хабарлаған «Самұрық-Энерго» АҚ-на тиесілі. Ашық сауда 2015 жылдың 27 қазанында Астана уақыты бойынша сағ. 14:00-де өтеді. «Тегіс Мұнай» ЖШС 2006 жылдың 7 маусымында тіркелген. Ондағы 100% қатысу үлесін «Самұрық-Энерго» АҚ 2012 жылы сатып алған. Компанияның орналасқан жері – Алматы қаласы. «Тегіс Мұнай» ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері геологиялық барлау, минералды ресурстарды өндіру және өңдеу болып табылады.

Екінші сатыға сатылымға қойылған ең қымбат нысандардың ішінде «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» АҚ орналасып отыр. Аталған нысанның 710 750 жай және 45 865 артықшылықты акцияларын және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ндегі 100% қатысу үлесін «Самұрық-Энерго» АҚ сауда қойып отыр. Бастапқы құны – 15,9 миллиард теңгені құрайды. Компания ашық екі кезеңді конкурс тәсілімен сатылатын болады. Бірінші кезең 2015 жылдың 29 қазанында Астана уақыты бойынша сағ.14:00-де өтеді. «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» АҚ Өскемен қаласында орналасқан. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысына электр энергиясын берумен және таратумен айналысады. Оның еншілес ұйымы – «Шығысэнерготрейд» ЖШС де саудаға шығарылған. Компанияның қызмет аясы – Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету үшін электр энергиясын сатып алу болып табылады.

Ал, үздіктер үштігінде «Еуро-Азия Эйр» Авиакомпаниясы» АҚкөш бастап отыр. Аталған кәсіпорындағы 100% қатысу үлесін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сатуға шығарды. Активтің бастапқы құны 16,2 миллиард теңгені құрады. Аталған әуе компания заңды және жеке тұлғаларды әуе жолы арқылы тасымалдаумен, пайдалы қазбалардың кен орындарын зерттеп, дамытумен, сондай-ақ, мұнай және газ құбырларына, электр беру желілеріне қызмет көрсетумен айналысады. «Еуро-Азия Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ-ның толық акциялар пакетін жүзеге асыру бойынша ашық сауданың бірінші кезеңі 3 қараша күні Астана уақыты бойынша сағ. 11:00-де өтеді.

 




барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz