Баспасөз хабарламалары

18 қаңтар 2016
16

Самұрық-Қазына өз активтерін жекешелендірудің жай-жапсарын хабарлады

IPO-ға ұлттық компаниялар акцияларының 25 пайызынан артық емес қойылады 
Қордағылар активтердің тұтасымен сатылмайтынын айтады. Сатуға түсетін үлестің көлемі мұқият тексерулер мен тәуелсіз сарапшылардың талқылауынан кейін анықталмақ.

"Қор активтерді мемлекет қарауынан алу міндетін Астана қаржы орталығын қалыптастыру жоспарымен байланыстырады. Онда ұлттық компаниялардың акциялары қор нарығына (IPO түрінде) шығарылуы тиіс деп нақты айтылған. Оның жоғарғы шегі – 25%. Тиісінше, біз активтерді жаппай сатуды емес, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтып, бизнесті басқаруға жеке капиталды тартуды көздеп отырмыз», - деп атап өтті, «Самұрық-Қазына» қорындағылар.

Әзірге ұлттық экономика министрлігі тәуелсіз сарапшыларды іріктеп жатыр, ал Қордың еншілес компаниялары активтерді сату алдындағы дайындық үстінде. Сонымен қоса, тәуелсіз сарапшылар сатып алушылардың нақты тобын ұсынады деп күтіліп отыр, олармен алдын ала келіссөздер жүргізілетін болады.  

"Бұл үдеріс тез болмайды. Себебі, біз үшін келісімнің сапасы маңызды. Тәуелсіз сарапшылармен жұмыс тәсілін ұлттық экономика министрлігі пысықтап жатыр, сарапшылар қызметі мен ұсыныстары тиісті мемлекеттік органдардың, соның ішінде арнайы мемлекеттік комиссияның қатаң бақылауынан өткізіледі", - дейді Қордағылар.

Мемлекеттік комиссия ұсыныстарға сәйкес акциялардың көлемі, оларды орналастыру, сату талабы бойынша жекелеген шешімдер шығаратын болады.

Қордағылар республика меншігіндегі 173 активтің сатылуы қиын болмайтынын айтып отыр. LS-ке берген түсініктемесінде олар "Бағалаудан кейін ол активтер электронды аукционға қойылады, ол қаржы министрлігінің мемлекеттік меншік реестріндегі gosreestr.kz электрондық алаңқайында өткізіледі» деді.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов нысандарды жеке қолға өткізерде компанияның жұмыс бағыты мен жұмыс орындарын сақтап қалу басшылыққа алынатынын айтады. "Компанияның жаңа иесін анықтау кезіндегі басты қағида – осы. Сатудың аукцион, адресті сату, инвесторлармен келссөз сияқты түрлі тәсілдері бар. Жұмыс орындарын сақтау үкімет үшін де, жергілікті атқарушы органдар үшін де басты шарт» , - деді ол.

Ақпарат көзі: lsm.kz


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz