Баспасөз хабарламалары

04 сәуір 2016
11

ҚТЖ тобындағы активтерді жекешелендіру жоспары ұсынылды

«Қазақстан теміржолы» бизнесін түрлендіру бағдарламасы шеңберінде ауқымды қайта құруды талқылауға арналған кеңейтілген жиында компанияның вице-президенті Қанат  Алпысбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы активтерін қайта құру және жекешелендіру жоспарын ұсынды.
«Қайта құрудың басты қадамы тасымал қызметін  нарыққа бағытталған жүк және мультимодалдық тасымал сервисін қалыптастыруда жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті инфрақұрылымнан бөлу болып табылады», - деді ол. Компания вице-президентінің айтуынша, теміржол көлігінің  мұндай үлгісі Еуропа одағы елдерінде, Австралия мен Латын Америкасында жұмыс істейді.
Қанат Алпысбаев хабарлағандай, қазіргі кезде реформа шеңберінде ҚТЖ құрамынан салалық емес қызмет түрлері шығарылды. Вагон операторлары нарығы құрылды. Тасымал қызметін инфрақұрылымнан бөлу мәселесі институционалды түрде жасалды, жолаушы тасымалын мемлекеттік субсидиялау тетігі жартылай енгізілді. Айталық, 2016 жылы «Локомотив» АҚ базасында Жүк тасымалдаушы, ал 2017 жылы Инфрақұрылым операторы құрылады.
ҚТЖ мақсатты құрылымы жекешелендіруден кейін, активтердің логистикалық қоржынын дамытуды есепке алғанда, 35 компанияның басын қосады. Қанат Алпысбаевтың айтуынша, ұйымдастырушылық өзгерістерді қолдану топты басқару құрылымын қарапайым етеді, қайталаушы қызмет пен транзакциялық шығынды болғызбайды, тұтынушыға бағытталған анағұрлым икемді құрылымды енгізуге мүмкіндік береді.

Дерек көзі: компанияның баспасөз қызметі 


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz