Баспасөз хабарламалары

12 сәуір 2016
16

«Самұрық-Энерго» алғашқы нысандарды 2016 жылғы мамырда саудаға шығарады

«Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қорында жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде кейбір энергетикалық нысандар құнын 50%-ға  дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы бүгін «Астана» телеарнасына берген сұхбатында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Мақсұтов хабарлады.
Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: «2 тізімдегі ұсақ нысандар бойынша, Бірыңғай ережеде көрсетілгендей, электрондық саудаға шығарғанда, бірінші сауда ағылшын тәсілімен өткізіледі. Ал екінші сауда голланд тәсілімен, яғни  нысан құнын 50 пайызға дейін төмендету арқылы өтеді. Біздің акционер электрондық сауда кезінде бағаны түсіруге болады деп шешкен жағдайда, осылай болмақ».
Қ.Мақсұтовтың айтуынша, «Самұрық-Энерго» басқаруындағы кішігірім нысандар саудаға биылғы жылдың  мамыр айында шығарылады.
Дерек көзі: Астана ТВ


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz