Баспасөз хабарламалары

16 мамыр 2017
36

Ұлттық компаниялардың акциялары IPO-ға шығарылады

2020 жылға дейін 6 ұлттық компанияның акциялары IPO арқылы сатылады. Алдымен Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» сатылымға шығарылады.  Екінші кезеңде «ҚазМұнайГаз» бен «Самрұқ-Энерго», ал соңында «Қазпошта» және «Қазақстан Темiр жолы» компанияларының акциялары саудаланады. «Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, ресурстық сектордағы кәсіпорындардың  сатылымға шығарылатын акциялары 25%-дан аспауы тиіс. Яғни бақылау пакеті ұлттық әл-ауқат қорының меншігінде болады. Ал басқа салаға бағытталған компаниялардың  бақылау пакеті сатылуы мүмкін. Акцияларды ел азаматтарымен қатар шетелдіктер де сатып ала алады.

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі:

- Акцияларды орналастыру алаңы әзірге анықталған жоқ. Бірақ қор «Астана» халықаралық қаржы орталығына басымдық беріп отыр. Ал акциялардың бағасын нарық анықтайтын болады. Яғни компаниялардың дайындығы мен шикізат ресурстарының құнына байланысты. Үнемі  IPO кезінде компанияның  қаржылық жағдайы, оның даму келешегі жөнінде ашық айтылады. Сатылымға шығарылатын кәсіпорындар жөнінде есеп жүргізіліп отырады.

Ақпарат көзі: Хабар 24


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz