Баспасөз хабарламалары

21 тамыз 2017
38

Елбасы ірі компанияларды жекешелендіруде мемлекетке мейілінше пайда түсірмейінше, асығыстық танытпауға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ірі компанияларын мемлекетке мейлінше пайда түсірмейінше, акцияларын асығыстықпен сатпауға шақырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл туралы Елбасы Бурабай кентінде өткен даму бағдарламаларының іске асырылуы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте қадап айтты. Оның барысында Қазақстан Республикасының Президенті инвесторлар тартуда жекешелендіру жоспарын іске асырудың тиімді екендігіне тоқталды.

Бұған дейін атап өтілгендей, Үкімет жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын және бәсекелестік ортаға шығарылатын нысандардың тізімін бекітті.

Басымдығына қарай жекешелендіруге шығарылатын республикалық меншіктегі ірі мекемелердің тізімінде «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы, Астана халықаралық әйежайы және т.б. бар.

ІРО келесі компаниялар шығарылады: «Қазақстан темір жолы» ұлттық  компаниясы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ және т.б.

Бәсекелестік ортаға берілетін компаниялардың тізімінде «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына, «Бәйтерек» ұлттық холдингіне қарасты еншілес компаниялар бар.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz