Баспасөз хабарламалары

31 қазан 2017
29

«Эйр Астана» компаниясы акцияларының бастапқы листингі 2018 жылдың соңында – 2019 жылдың басында өткізілуі мүмкін

«Инвестициялық банктер белгіленді. IPO бойынша болжанған мерзім: 2018 жылдың III тоқсаны – 2019 жылдың II тоқсаны», - деп атап өтті әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Әзірге компания сатылым алдындағы дайындық кезеңінде. Әуе компаниясы  президентінің сөзінше, алдағы IPO компанияның бизнес-стратегиясына ешбір өзгеріс енгізген жоқ.

«Біз компанияны транзиттік тасымалға бағытталған халықаралық тасымалдаушы ретінде дамытуды қолға алдық. Бұл ретте компания жүзеге асыра алатын өзінің өсімінің нақты жоспарын паш етуі – IPO сәтті өтуіне аса маңызды. Әуе компанияларына қаржыны тек дивиденттерге байланысты ғана құймайды. Әуе компаниялары өсімге бағыт алған бизнес болып табылады», - деп атап өтті Питер Фостер.

Әзірге акциялар қандай алаңда орналастырылатыны беймәлім. Бұған дейін Гонконг, Лондон немесе Сингапур қарастырылып жатқаны туралы ақпарат айтылған.

Әуе компаниясы акцияларының 51 пайызы «Самұрық-Қазына» қорына, ал 49% BAE Systems (Kazakhstan) Limited компаниясына тиесілі.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz