Баспасөз хабарламалары

17 қаңтар 2018
26

Қазақтелекомның акцияларын 2018 жылғы I жартыжылдықтың соңына дейін орналастыру жоспарланған

«7 ірі ұлттық компанияны жекешелендіруге баса назар аударылып отыр. Оның үшеуі ІРО-ға шығарылуы мүмкін. Қазір оларды ІРО-ға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қор Қазақтелекомның акцияларын 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін орналастыру мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп және Air Astana 2018 жылғы төртінші тоқсанға қарай ІРО дайындықты аяқтау жоспарланған, - деп атап өтті Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов.

Оның айтуынша, түпкілікті орналастыру мерзімі компанияның қаржылық жағдайын, макроэкономикалық ахуалды, шикізатқа деген әлемдік бағаны ескере отырып айқындалады.

«ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта» және «Қазақстан темір жолы» компаниялары бойынша 2019-2020 жылдарға жоспарланған ІРО-ның түйінді параметрлерін айқындау жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов құнын арттыру мақсатында 14 актив өз бас компанияларының IPO периметрінде сатуға көшірілгенін атап өтті. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 5 активі («Қазтеміртранс» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Багаж тасымалдау» АҚ, «Вагон сервис» АҚ, «Қала маңындағы тасымалдау» АҚ); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 7 активі («Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, TH KazMunaiGas N.V., «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «KMG Automation» ЖШС, «Теңіз Сервис» ЖШС); «Қазақтелеком» ҰК» АҚ 2 активі («Нұрсат+» ЖШС, «ҚТ-АйИкс» ЖШҚ).


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz