15-қаңтар, 2018 ж., Астана қ. Басқарма шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ жаңа құрылымы бекітілді. Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.
Құрылымға өзгерістер енгізу - басқарудың оңтайлылығын (мобильділігін) және тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және Қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттемелері аясында қажет болды.
Жаңа құрылым ағымдағы жылдың 11-қатарынан бастап іске қосылады.«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті
e-mail: press@sk.kz
Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94
e-mail: press@sk.kz
Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94