Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы — Ахметжан Есімовті таныстырды.
Премьер-Министр Ахметжан Есімовтің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік күрделі міндеттерді орындаудағы жоғары кәсіпқойлығы мен жауапкершілігін баса айтты.
Қысқа уақыттың ішінде А. Есімов «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне» тиімді дайындық пен оның табысты өтуін ұйымдастырды.
«Қордың алдында Мемлекет басшысының қойған өте маңызды, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттері тұр», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Премьер-Министр жаңа басқарма төрағасы мен Қор ұжымына табыс тілеп, еліміздің Президенті белгілеген мақсат пен міндеттерге жету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі: Primeminister.kz
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті
e-mail: press@sk.kz
Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94
e-mail: press@sk.kz
Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94