Баспасөз хабарламалары

24 қараша 2017
23

«Самұрық-Қазына» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ рейтингісінің төмендеуіне байланысты мәлімдемесі

2017 жылғы 23 қарашада Standard & Poor’s рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ/Компания) несиелік рейтингін «BB»-дан «BB-» дейін төмендетті. S&P бағалауы бойынша рейтингтің төмендеуі мемлекеттің ҚМГ қолдау көрсетуге әзірлігінің төмендеуімен, сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) арқылы мемлекеттік қолдаудың күрделі рәсімдерімен байланысты. 

Десек те басқа рейтинг агенттіктері (Moody’s – «Baa3», Fitch – «BBB-») ҚМГ несиелік рейтингін бұрынғы деңгейде қалдырды. Сонымен қатар Standard&Poor’s пікірі бойынша ҚМГ операциялық және қаржылық басымдықтарын сол күйінде қалдырды. Бұл Компанияның несиелік рейтингісінің «тұрақты» болжамында көрсетілген.

Қор рейтинг агенттігінің түсініктемелеріндегі барлық сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескереді, бірақ жекелеген түсініктеме беру қажеттігін жөн санайды.

ҚМГ – Қордың шоғырланған EBITDA елеулі үлесін қамтамасыз ететін маңызды қоржындық компанияларының бірі. Қор өз тарапынан ҚМГ бірнеше мәрте қолдау көрсетті және алдағы уақытта қажеттігі туындаған жағдайда қарызға қызмет көрсетуді және активтерді дамытуды қоса алғанда, барлық мәселелер бойынша жан-жақты әрі оперативті қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Мәселен, 2015 жылы ҚР Үкіметі және Қор әлемдік нарықтардағы экономикалық ахуалдың нашарлауына және шикізат қорлары бағасының күрт төмендеуіне байланысты Қордың Қашаған жобасындағы үлесті сатып алу есебінен Компанияға жедел және дер кезінде қолдау көрсетілді.

Біздің ҚМГ бірлескен іс-әрекетіміз компанияның қарызын жоспарлы түрде төмендетуге бағытталған. Бүгінгі таңда ҚМГ қаржылық жағдайы тұрақты. Компания өзінің қарызына дер кезінде қызмет көрсету үшін жеткілікті өтімділікке және операциялық ақша ағындарын жинақтау қабілетіне ие.

Қашаған жобасындағы үлесті кері сатып алу бойынша Компания айтарлықтай ұзақ мерзім ішінде үлесті сатып алу құқығына және мүмкіндігі ие екендігін атап өту қажет. Компания опционды жүзеге асыру туралы шешімді ҚМГ орташа мерзімді басымдықтарына және нарық конъюнктурасына байланысты қабылдайды. Сонымен қатар Қордың Қашағанды сатып алуға байланысты қарызды өтеуге ҚМГ кері сатып алу құқығын пайдаланбай-ақ, қоры жеткілікті және мүмкіндіктері бар екендігінін хабарлаймыз.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail:

e-mail:

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10


e-mail: