Баспасөз хабарламалары

23 қараша 2017
23

«Самұрық-Қазына» АҚ трансформациясынан 2017 жылы түсетін пайда биылғы жылғы инвестициялар көлемінен асып жығылды

2017 жылғы 23 қарашада Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасының аралық нәтижелері туралы ақпараттық сессия өтті. Оның барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация және активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс, «Қазпошта» АҚ бизнес жөніндегі басқарушы директоры Азат Машабаев, «Транстелеком» АҚ даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Елнар Адайбеков, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев баяндама жасады.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында трансформация бойынша 130 жоба жүзеге асуда. Олар корпоративтік және өндірістік процестерді жетілдіруге бағытталған. Жобаларды жүзеге асыру мерзімі өзгерістер ауқымына байланысты. Ең ауқымды жобалар 2020 жылы тәмамдалады. «Трансформация бағдарламасы – ұзақмерзімді жоба. Оның арқасында Қордың қоржындық компанияларының бизнес-қызметін сапалы түрде жақсартуға және оларды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беріледі. Бүгінде процестердің бір бөлігін оңтайландыруға және басқарудың сапалық үлгісін қалыптастыруға жол ашқан Қордың трансформациясы аяқталды. Қазіргі таңда біздің еншілес компаниялардың қызмет бағыттары клиенттің талаптарына сай болу, бәсекеге қабілеттілік, бизнестің диджитализациясы жағына белсенді түрде өзгеруде. Бүгінгі күннің өзінде компанияларда жасалған қадамдар дұрыс және уақытылы деп қорытындылауға болады» - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация және активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс.

Трансформация қолға алынғаннан бері «Қазпошта» АҚ айтарлықтай өзгерді. Компания сәлемдемелерді беру үшін 130 почтоматты және 47 супермаркетті ашты, агенттік бизнесті іске қосты. Бүгінде Қазпошта бөлімшелері арқылы 1000-нан астам несие рәсімделді. Поштаның көлемі де қарқынды түрде артып келеді. Қазақстан бойынша күніне 30 мыңнан астам сәлемдеме жеткізіледі. «Қазпошта» АҚ бизнес жөніндегі басқарушы директоры Азат Машабаев клиенттер тарапынан сәлемдемелерді дер кезінде жеткізуге байланысты көп сұрақ туындағанын алға тартты: «Көпшілік жұмыстағы ерекшеліктер жайлы біле бермейді. Әлем бойынша жеткізілімдер тіркелетін және тіркелмейтін болады. Тіркелетін дегеніміз – сәлемдемені жеткізудің барлық кезеңінде трекинг арқылы көру мүмкіндігі. Ал тіркелмейтін сәлемдемелер салмақпен есептелінеді және қадағаланбайды. Бұл жөнелтілімнің арзан түрі және біздің жалпы көлемнің 70 пайызын құрайды. Сондықтан барлық жөнелтілімдерді тіркеу шешімін қабылдадық».

Қазпошта көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлерге ұқыпты өндірістің қағидаларын меңгертіп, сұрыптау барысын автоматтандырды. Оның есебінен сұрыптау  орталығының өткізу қабілеті 30% ұлғайтылды, сұрыптау кезіндегі  қателіктер 99 пайызға жойылды және Қазақстан бойынша жеткізудің орташа мерзімі 11-ден 6 күнге дейін қысқарды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) Трансформация бағдарламасы аясында транзиттік әлеуетін дамыту  мақсатында коммерциялық қызметтің тиімділігін, көрсетілетін қызметтер мен процестер сапасын арттыру жұмысын қолға алды.  Қазірдің өзінде жағымды нәтижелер жайлы айтуға болады, дейді «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев. Мәселен, соңғы жылдары транзиттен түскен кіріс көлемі компанияның жүк бағытындағы қызметінен түсетін кірістер құрылымында 30%-ға жетіп отыр. 2016 жылы Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігі бойынша индексінде (LPI) Қазақстан 11 орынға көтеріліп, ТМД елдерінен үздік нәтижеге жетті, яғни 160 мемлекеттің арасында 77-ші орынға ие болды. «Әлемдік өндірушілер мен логистикалық компаниялардың трансқазақстандық бағдарларға сенімі жыл санап артуда. Қытай – Еуропа – Қытай стратегиялық бағытындағы транзит  2015 жылы 47 мың контейнерді құраса, 2016 жылы 105 мың контейнерге жетті, 2017 жылы 200 мың контейнерге жетеді деп жоспарлап отырмыз, бұл 2011 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 200 есе көп», - деді Санжар Елубаев.

Бизнесті трансформациялаудың тағы бір табысты мысалы – «Транстелеком» («ҚТЖ» ҰК» АҚ үлесі – 51%) компаниясы. Ол магистралдық желілері ең ұзын байланыс операторы болып табылады: 16 мың шақырымнан астам. Компанияның магистралдық желілері еліміздің 14 облысын қамтығандықтан, ол «Цифрлы Қазақстан» үкіметтік бағдарламасын «Ауылға интернет» бойынша жүзеге асырады. 

 «Транстелеком» АҚ өзінің бизнесін трансформациялау аясында бизнесті әртараптандыру және ИТ-қызметтердің бағытын дамыту шешімін қабылдады. «Оның нәтижесінде трансформация барысында ИТ-шешімдер бойынша ұсынылатын кірістер 3,5 есе артты: 21-ден 75 млрд теңгеге дейін. «Транстелеком» компаниясы 15 жылдың ішінде тұңғыш рет өзінің акционерлеріне 1 млрд теңгеден артық дивидендт төледі. Егер бұрын біз негізгі кірісті  құрылтайшы компаниядан алсақ, енді үшінші ұйымдардан түсетін кірістің үлесі 57% құрады. Бұл көрсеткіштер ИТ-компания және бәсекеге қабілетті бизнес бағытындағы әртараптандыру табысты екендігін көрсетеді» - деп атап «Транстелеком» АҚ даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Елнар Адайбеков.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz