Баспасөз хабарламалары

10 қараша 2017
35

«Самұрық-Қазына» АҚ 50-ден астам ірі компаниямен ынтымақтаса жұмыс істейді

Бүгінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 50-ден астам ірі халықаралық компаниямен ынтымақтаса жұмыс істейді. Олардың 21-і – Forbes 2000 тізіміндегі жылдық айналымы кемінде 1 млрд АҚШ долларын құрайтын трансұлттық компаниялар. «Самұрық-Қазына» АҚ шетелдік инвесторларымен бірлесе қолға алған жобаларға Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Рахметов 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында өткен «ҚР экономикасына инвестициялар тартудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелінде кеңінен тоқталды.  

Н. Рахметовтың пікірінше, Қор экспорттық әлеуеті жоғары қайта өңдеу саласында бірқатар жобаларды әзірлеуді қолға алды. Қор компаниялары технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелері мен бақылау-өлшеу аспаптарын шығару және қызмет көрсету бойынша Schneider Electric (Франция), атом электр стансалары үшін жылу бөлетін құрылымдарды шығару бағытында  CGNPC (Қытай) және AREVA (Франция) жұмыс жүргізеді.

 «Дүниежүзілік банктің биылғы қазан айында жарияланған «Doing Business 2018» есебінде миноритарлық акционерлердің құқығын қорғау бойынша Қазақстан үшінші сатыдан бірінші орынға көтерілді. Бұл қазақстандық компаниялардағы корпоративтік басқарудың деңгейі артқанын және оның мөлдірлігін білдіреді, акционерлер өз кезегінде аса маңызды корпоративтік шешімдерді қабылдауға белсенді түрде атсалысып, пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие», - деп атап өтті Н.Рахметов. 

Бүгінде General Electric компаниясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – локомотив құрастыру зауытының акционерлерінің бірі атанса, ал құрғақ жүктер саласындағы әлемдік көшбасшы атанған COSCO Group «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС құрғақ портын басқаруға қатысуда. «Электровоз құрастыру зауытындағы үлесті ірі франциялық Alstom машина жасау компаниясына сату мәмілесі бойынша келіссөздер аяқталу кезеңінде», - деді Н.Рахметов.

«Самұрық-Қазына» топ-менеджері Қор компаниялары тобының келешектегі цифрландыру және шикізатты өңдеу саласындағы ықтимал әріптестері ретінде General Electric (АҚШ), CAMECO (Канада) және GRACE (АҚШ) компанияларын атады.  Н.Рахметов Alibaba (Қытай) компаниясымен де келіссөздер жүргізіліп жатқанын алға тартты. Онымен ықпалдастық қазақстандық тауар өндірушілер үшін әлемдік нарықтарға Alibaba алаңы арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге, Alibaba Group тауарларының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне, электрондық коммерцияның дамуына, төлем жүйелерінің ықпалдасуына жол ашатын болады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz