Баспасөз хабарламалары

13 қазан 2017
31

«Самұрық-Қазына» қоры Public Investor 100 рейтингісінде 15-ші орынды иеленді

12 қазан 2017, Астана.  «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) және Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Тәуелсіз әл-ауқат қорлары институты (бұдан әрі – SWFI, Sovereign Wealth Fund Institute) әзірлеген Public Investor 100 – 2017 рейтингісінде 15-ші орынға ие болды. 

Жыл сайын әзірленетін «Public Investor 100» рейтингісі – ірі тәуелсіз қорлардағы, зейнетақы қорларындағы, орталық банктердегі, инвестициялық ұйымдардағы ең ықпалды және нәтижелі топ-менеджерлердің тізімі. Бағалау кезінде бірқатар көрсеткішке баса назар аударылады: инновацияларды енгізу, бірегей жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру, көшбасшылық, инвестициялық жобалар мен кіріс деңгейі.

«Самұрық-Қазына» қоры өзінің көптеген бенчмарктерінен оқ бойы озып, 15 үздік қоғамдық инвестордың қатарына кіргені қуантады. Бұл – қызметіміздің тиімділігі мен ашықтығын арттыру жолындағы жетістіктеріміздің нақты айғағы. Аталмыш ілгерілеуге Қордағы және қоржындық компаниялардағы трансформация бағдарламасы арқасында қол жеткізілді. «Самұрық-Қазына» оңтайландыру және трансформация бағытындағы іс-шаралардың арқасында корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін ендіріп, әлемнің жетекші тәуелсіз қорлары деңгейінде жеке капиталының тиімділігін паш ететіні аса маңызды», - деп атап өтті Стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директор – Қордың Басқарма мүшесі Балжит Гревал.

Public Investor 100 рейтингісінің толық тізімімен танысуға болады.

Жыл басында SWFI «Самұрық-Қазына» қорына Linaburg-Maduell Transparency Index тәуелсіз әл-ауқат қорларының ашықтығы бойынша ең жоғарғы 10 ұпай берді. Ашықтық рейтингісі 2008 жылдан бері жасалады. Содан бері халықаралық тәуелсіз қорлар оны жалпы қабылданған әлемдік стандарт ретінде ресми жылдық есептерде қолданады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz