Баспасөз хабарламалары

06 қыркүйек 2017
39

«Самұрық-Қазына» және GE Қазақстандағы сандық технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

АСТАНА, Қазақстан, 6 қыркүйек 2017 ж. — General Electric (NYSE: GE) және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге қол қойды. Оның мақсаты «Самұрық-Қазынаның» өнеркәсіптік кәсіпорындары және Қазақстандағы басқа компаниялар үшін орнықты цифрлық экожүйені құру аясында ықпалдастықтың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.

«Самұрық-Қазына» қоры ҚР Президентінің үшінші жаңғырту тапсырмасына сәйкес қоржындық компаниялар үшін цифрлық шешімдер мен сервистерді ендіру жұмыстарын жеделдетуге бағытталған бастамаларды жүзеге асырады. «Самұрық-Қазына» GE өнеркәсіптік құрылғылар өндірісі саласындағы және сандық технологияларды қолданудағы терең сараптамасы, сонымен қатар Қазақстанның сандық инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетуге дайындығы тұрғысынан компанияны стратегиялық серіктесі ретінде қарастырады.

Алдын ала келісім аясында «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компанияларын цифрландыру жөніндегі стратегияны тиімді жүзеге асыру үшін бірлескен жол картасын түзу қарастырылған. GE сандық технологияларының қолданылуы «Самұрық-Қазынаның» кәсіпорындарына құрал-жабдықтың техникалық жағдайын болжауға, ақауларды ерте анықтаудың есебінен штаттан тыс оқиғаларға жол бермеуге, жоспарланбаған тоқтап қалу қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тараптар өнеркәсіптік интернет үшін Predix платформасы негізінде сандық шешімдерді қашықтықтан бұлттарға дейін локализациялау мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты. Бұл өз кезегінде қазақстандық құрастырушылар қауымдастығының өңірдегі ірі университеттермен ықпалдастық орнатуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы: «GE және «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жобаны жүзеге асыруы Қазақстанда белсенді цифрлық экожүйені қалыптастыруға және өңірдің негізгі салаларын цифрландыруға септігін тигізеді».

Дебора Шерри, Еуропадағы GE Digital бас директоры және бас коммерциялық директоры: «Самұрық-Қазына» қорымен ынтымақтастық аясы кеңейгеніне және Қазақстан өнеркәсібін цифрлық жаңғырту бойынша нақты қадамдардың жүзеге асырыла бастауына қуаныштымын. Қол жеткізілген келісімдер елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстанда Predix негізінде озық шешімдердің ендірілуі Орталық Азияның ең ірі экономикасында цифрлық инновациялардың жаңа буының қалыптастыруға үлкен серпін береді».


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz