Баспасөз хабарламалары

11 шілде 2017
22

«Самұрық-Қазына» қорының басшылығы және лондондық Ситидің лорд-мэрі өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай - Қор) басшылығы лондондық Ситидің лорд-мэрі Эндрю Пармлимен және Астанаға іс-сапармен келген британдық делегацияның өзге өкілдерімен кездесті. Тараптар екі жаққа тиімді ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады. «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев атап өткеніндей, Қордың қоржындық компаниялары британдық кәсіпорындармен бірлесіп белсенді түрде жұмыс істейді. Мәселен, UG Energy Limited компаниясы «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бірге Жамбыл облысындағы қуаты 100 МВт «Бурное» күн электр стансасын кеңейтуде. Сонымен қатар «Эйр Астана» компаниясының екінші акционері британдық BAE Systems болып табылады, онымен бірге компанияны ІРО-ға даярлық шаралары жүргізіліп жатыр. 

«Біз ынтымақтастыққа мүдделіміз. Сіздерді ауқымды жекешендіру бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Британдық бизнес компанияларымызды жақсы біледі. Атап өтетіні,  шетелдік инвесторлар тарапынан жекешелендіруге қатысты үлкен қызығушылық байқалады. Қазірде ірі компаниялардың ІРО-сын Лондон қор биржасында да өткізу мүмкіндігі қарастырылуда», - деп көрсетті Берік Бейсенғалиев. - 2014 жылдан бастап Қордағы трансформация шеңберінде қыруар жұмыс атқарылып келеді. Біздің міндетіміз  -  активтердің құнын көтеру. Бұл үшін бизнес-үрдістерді қайта қарастырып, технологияларды оңтайландырып жатырмыз. Қоржындық компанияларда Директорлар кеңестерін күшейту бойынша жұмыс қолға алынған. Британдық корпоративтік басқару кодексі мәдениетімізге енуде. Бұл ретте британдық компаниялар үшін бұл ынтымақтастық қолайлы болмақ». 

Лондондық Ситидің лорд-мэрі Эндрю Пармли өз кезегінде Қордың аз уақыттың ішінде үлкен жұмыс жасап үлгергенін атап өтті.

«Лондон Сити ғаламдық сахнада  елеулі рөл атқарады, және біз жоспарларыңызды жүзеге асыруға барынша қатысуға ниет танытамыз. Қажет болса, өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан көптеген жобаларға және жекешелендіру бағдарламасына қызығушылығымыз бар», - деп қосты ол.  


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz