Баспасөз хабарламалары

24 маусым 2017
29

«Самұрық-Қазына» қорында ынталы ақпараттандыру желісі қызмет етуде

«Самұрық-Қазына» АҚ ынталы ақпараттандыру желісі тәулік бойы демалыссыз «24/7» тәртібінде жұмыс істейді. Азаматтар үшін өз хаттарын sk.hotline@deloitte.kz электрондық поштасы бойынша жолдауға, 8 800 080 19 94 телефоны арқылы хабарласуға, немесе http://www.sk.deloitte-hotline.com/ сайтына жазуға мүмкіндік бар. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін келетін телефон қоңырауларына желінің кезекші операторлары жауап береді. Басқа уақытта (түнде, демалыс және мереке күндері) телефон қоңыраулары автоматты жауап берушіге жолданады. 

«Самұрық-Қазына» АҚ ынталы ақпараттандырудың көп арналы желісі Қор мен оның қоржындық компанияларының қызметін неғұрлым жариялы ету, үздік халықаралық комплаенс-стандарттарын енгізу, тұрғындармен, контрагенттер мен қызметкерлермен кері байланыстың сапасын арттыру мақсатында ашылды. Жедел желі арқасында азаматтар Қор және оның қоржындық компанияларының қызметіне қатысты жемқорлық фактілері, кәсіби этиканың бұзылуы немесе өзге ықтималды құқықбұзушылықтар туралы хабарлай алады. Түскен арыз-шағымдардың барлығы Қордың шұғыл жауап қайтару және талдау үшін комплаенс-қызметіне бағытталады. 

Өз шағымдарын азаматтар жасырын түрде жолдай алады — барлық қоңыраулар байланыстың тәуелсіз сыртқы арналары мен серверлеріне түседі. Сонымен бірге шағымданушылар тексеру нәтижесінде кері байланысқа шығу үшін өз байланыс деректерін де қалдыра алады. Бұл ретте Қор барлығының құқықтары мен мүдделерін сақтауға кепілдік береді.

Ынталы ақпараттандыру желісін қосу Қордың трансформация және жаңа ұйымдастырушылық құрылымға өту аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму (ЭЫДҰ) ұйымының стандарттарына сай әзірленген кешенді комплаенс-бағдарламасының бір бөлігі болып есептеледі.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz